Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Jusan Analytics-тің секторлар скорингі

Jusan Analytics командасы еліміздің өнеркәсіп саласының маңызды, жетекші бағыттарын анықтауға арналған аддитивті (қосылғыштардан құралатын) модельді әзірлеп шығарды.

Скоринг (бағалау) өнеркәсіптің анағұрлым өміршең, тиімді сегменттерін анықтауға мүмкіндік береді және сол арқылы отандық өндірістің артта қалған аутсайдер-секторларын анықтап, соларға қатысты шешілуі тиіс мәселелерді айқындауға болады.

Өнеркәсіп саласының ішкі секторлары бірегей 10 өлшемшартпен бағаланады. Бұл ретте ішкі сектор Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) құрылымының алғашқы екі мәнімен белгіленеді.

  1. Әрбір өлшемшарт коэффициентпен белгіленеді. Ал коэффициент Ұлттық Статистика Бюросының (ҰСБ) деректерін қолдана отырып есептеледі. Есептеу барысында біз 2018-2020 жылдар кезеңіне тиесілі орташаланған мәндерді пайдаландық.
  2. Ішкі сектордың әрбір өлшемшарты бойынша алынған нәтиже тиісті сектордың көрсеткішімен салыстырылады. Кейін әрбір ішкі секторға 0-ден 3-ке дейін балл беріледі: 
    • 3 балл: ішкі сектор 2018-2020 жылдары тиісті сектордың максималды мәнінен асып түсті;
    • 2 балла: ішкі сектор тиісті сектордың орташа мәнінен асып түсті;
    • 1 балл: ішкі сектор тиісті сектордың орташа мәнінен аса алмады;
    • 0 баллов*: ішкі сектор теріс нәтиже көрсетті.
  3. Өлшемшарт бойынша берілген балл оның секторлар бағаланымындағы үлесіне көбейтіледі. Әрбір өлшемшарттың талабы бірдей. Өйткені әрбір өлшемшарт жалпы өндірістің және өнеркәсіп саласының дамуына бірегей үлес қосады.
  4. Барлық өлшемшарттар бойынша нәтижелер жинақталып, ішкі секторға балл беріледі – ол жоғары болған сайын, ішкі сектордың дәрежесі де жоғары бола түседі

* коэффициент бойынша деректер жоқ болған жағдайда 0 балл да беріледі

Негізгі тұжырымдар

Біздің скоринг өнеркәсіп саласының негізгі драйверлерін анықтады. Бастапқы секторда ең тұрақты ішкі сектор – металл кендерін өндіру болып шықты: дамуды болжауға болатындығы, табыстылығы, импортпен бәсекеге қабілеттілігі және операциялық тиімділігі бойынша көрсеткіштер жоғары. Екінші деңгейдегі секторда негізгі драйвер металлургия өндірісі екен: оның артықшылықтары табыстылығы, борыштық жүктемесі, импортпен бәсекелестігі және операциялық тиімділігі арқылы анықталды. Металл кендерін өндіруді және металлургия өндірісін әрі қарай дамытуды жалғастыру – өнеркәсіп саласының жалпы көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді.

Біз өнеркәсіп саласының тұрақтылығы төмен ішкі секторларын анықтадық. Бастапқы секторда аутсайдерге айналған ішкі сектор – тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсетілетін қызметтер. Екінші деңгейдегі секторда – дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша ішкі сектор. Осы ішкі секторларды дамыту – өнеркәсіп саласы шығарылымдарының жалпы деңгейін және жалпы өнеркәсіп секторының даму көрсеткіштерін арттыруға септігін тигізеді.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

484

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Мерзімді зерттеулер


еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1984

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Тұтынушылық белсенділікӨмір сүру деңгейіАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз