Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Бағам

25 мамыр 23

130

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.25.05)

Сәуірде дэшборд нәтижесі бойынша 30 фактордың 20-сы экономиканың қызуы асқынып тұрғанын көрсетті. Қызу экономиканың қамтамасыз етілмеген мүмкіндіктерінің туындауына әкеп соғады, яғни сұраныс артады. Мұның аяғы – жоғары инфляция. Сондай-ақ қарқынды өсу есебінен барлық ресурстар пайдаланылады. Соның салдарынан дағдарыс орын алып, экономика тұралай бастауы мүмкін. Талдау 4 блок бойынша жүргізіледі: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ біз ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргіземіз.

Жалпы экономиканың қызуын бағалаудың төмендеуі бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі және бірқатар корпоративтік сектордың, айталық сауда секторына кредит беру ықпалы нәтижесінде болып жатыр. Ал тез өсіп жатқан іскерлік белсенділік және экономикалық шарттар тарапынан көрсеткіштер экономикада сұранысты арттырып, жағдайды ушықтыра түсуде. Таяу уақытта жекелеген маркер-тауарлардың қымбаттауы және олардың басқа да тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларына кері әсер етеді. Осының барлығы экономикада инфляциялық қысымның арта түсетіндігі туралы болжамымызға негіз бола алады.

Қалыптасып жатқан жағдай, экономиканың дамуына мемлекет тарапынан белсенді қазыналық көмек көрсетілуі, сондай-ақ сыртқы шарттар тарапынан тұрақсыздықтың күшею қаупі біздің «монетарлық шарттарды жұмсартуға ешқандай алғышарттар» жоқ деген бағамызды растай түседі.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

06 сәуір 23

164

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.06.04)

Наурызда 30 фактордың 21-і экономиканың қызып тұрғанын көрсетеді. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ біз ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргіздік.

Айталық, өткен дәшбордпен салыстырғанда монетарлық шарттар блогындағы 2 көрсеткіш және экономикалық шарттар блогындағы 1 көрсеткіш қызу аймағына өтті. Сонымен қатар наурыз айында іскерлік белсенділіктің жақсарып, бір мезетте тұтынушылық бағалардың өсуінің тежелгені байқалды. Инфляция қарқыны жоғары базаның техникалық әсері есебінен түсті. Дезинфляциялық әсер беретін басқа іргелі факторлар анықталған жоқ. Сонымен қатар инфляциялық ахуалдың нашарлау қаупі күшейе түсті. Бұған мемлекет тарапынан іскерлік белсенділікке қолдау көрсетуге қосымша қаржы бөлінгені және ТКҚ және ЖЖМ нарығында жылдар бойы әкімшілік шектеулердің сеебінен пайда болған теңсіздіктердің материалдана бастауы себеп болды. Негізі іскерлікті қолдау артық сұранысты тудыратыны белгілі.

Осылайша іскерлік белсенділіктің жандануы, ұзаққа созылған геосаяси қауіп-қатерлер, АҚШ пен ЕО банк жүйелеріндегі кішігірім дағдарыстар және инфляциялық үдерістерді, сондай-ақ инфляциялық үдерістерді қалыптастыру бойынша алғышарттардың нашарлауы аясында реттеуші «қаршығалық» саясатты маусымның ортасына дейін жалғастырады. Бұл базалық мөлшерлемені алдағы отырыста бұрынғы деңгейінде сақтау бойынша болжамдарымызды айқындайды.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

23 ақпан 23

183

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.23.02)

Дэшборд нәтижесі бойынша желтоқсанда 30 фактордың 20-сі экономиканың қызып тұрғанын көрсетті. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргізілді.

Өткен дэшбордпен салыстырғанда монетарлық шарттар блогындағы 1 көрсеткіш пен экономикалық шарттар блогындағы 2 көрсеткіштің қызу аймағына өткендігі байқалды. 2023 жылдың қаңтарында экономикалық белсенділік айтарлықтай үдеді. Бұл ретте бағалар да біртіндеп өсіп жатты. Сәйкесінше экономиканың қызуы көтерілді. Экономиканың бұлайша дамуы өткен жылы экономиканың зардап шеккен салаларының қайта қалпына келіп, өсе бастағандығы арқасында орын алды.

Біздің пайымдауымызша, ағымдағы көрсеткіштердің теңгерімі инфляциялық жағдайдың жұмсара бастағанына сәйкес келіп тұр. Өйткені тұтынушылық сұраныс аздап төмендеді. Тұрақсыз және жоғары инфляциялық болжамдар, базалық инфляциялық қысымның өсуі және мемлекет тарапынан ынталандырулардың жоғары болуы, осының барлығы тұтынушылық белсенділікті сақтауға бағытталған. Сәйкесінше инфляциялық тәуекелдер басым болмақ. Осыған байланысты біздің болжауымызша, базалық мөлшерлеме ағымдағы деңгейінде қалады және инфляциялық үрдіс белең алса да, реттеуші «қаршығалық» іс-әрекетін жалғастырады.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

12 қаңтар 23

123

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.12.01)

Дэшборд нәтижесі бойынша желтоқсанда 30 фактордың 17-сі экономиканың қызып тұрғанын көрсетті. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргізілді.

Өткен дэшбордпен салыстырғанда монетарлық шарттар блогындағы 1 көрсеткіш және сыртқы шарттар блогындағы 1 көрсеткіш суыну аймағына өтті. 2022 жылдың желтоқсанында экономикада бағалардың қызуы аздап басылды. Бұған ішкі монетарлық шарттарды қатаңдату және сыртқы инфляциялық толқынның жағымсыз әсерін жұмсартудың арқасында қол жеткізілді. Содан өткен жылдың көктемінен бері тұңғыш рет экономиканың даму қарқынында оң өсім байқалды.

Сондықтан дәл қазіргі жағдайда пайыздық мөлшерлемені одан әрі көтеру стагфляцияның болу қаупін арттыра түседі деп ойлаймыз. Базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейінде қалдыру бағалардың одан әрі өсуін тежеу және іскерлік белсенділіктің оң серпінін сақтау міндеттері арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

02 желтоқсан 22

95

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2022.02.12)

Дэшборд нәтижесі бойынша қарашада 30 фактордың 20-сы экономиканың қызып тұрғанын көрсетті. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргізілді.

 

Өткен дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1 көрсеткіш қызу аймағына өтіп кетті. Бағаларға қатысты факторлардың қызуы көтеріліп жатыр. Ал іскерлік белсенділік пен экономиканың өсімі керісінше суынып-ақ кетті. Не керек, стагфляцияның туындау қаупі артуда. Соның себебінен бюджеттік шығындар да артуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда пайыздық мөлшерлемені шектен тыс көтеру бюджет тапшылығын арттыруы мүмкін. Ал егер бюджет тапшылығы артатын болса, ол инфляцияны бақылауда ұстауды қиындатып жібереді. Ішкі экономиканың даму келешегіне қатысты қауіп-қатерлерді ескерер болсақ, орнықты өсім мен тұрақты инфляцияны қамтамасыз етуде басты мәселе – ол шешімдерді өте байыппен қабылдау, сондай-ақ бюджеттік және ақша-несие саясатының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

12 қазан 22

120

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2022.12.10)

Дэшборд нәтижесі бойынша 29 фактордың 18-і экономиканың қызып тұрғанын көрсетеді. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы жағдайлар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз-релизіне семантикалық талдау жүргізілді.

Бұған дейінгі дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1 көрсеткіш және экономикалық жағдайлар блогындағы 2 көрсеткіш суыну аймағына өтті. Қаралып жатқан кезеңдегі бағалық факторлар қызынудың күшейіп жатқандығын көрсетеді. Бұл ретте іскерлік белсенділік тарапындағы көрсеткіштер керісінше суынуды көрсетуде. Осылайша сұраныс пен ұсыныс арасында теңсіздік пайда болады. Яғни, ұсыныс тиісті фискалдық және кредиттік ынталандыруларға барабар ден қоюға үлгере алмауда. Бұл жағдайда артық сұраныстың нүктелік факторларына: тұтынушылық несие беруге және масштабталмаған фискалды ынталандыруларға ден қою керек. Монетарлық шарттарды одан әрі қатаңдату ассиметриялық және жағымсыз нәтижеге әкеп соғуы мүмкін. Яғни, ұсыныс төмендеп кетіп, сұраныс оған лайықты жауап бере алмай қалуы мүмкін.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануJusan Analytics

02 қыркүйек 22

87

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшборд (2022.02.09.)

Дэшборд нәтижесі бойынша 29 фактордың 19-ысы экономиканың тұрақты түрде қызып тұрғанын көрсетеді. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы жағдайлар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз-релизіне семантикалық талдау жүргізілді.

Бұған дейінгі дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1-ші көрсеткіш және монетарлық жағдайлар блогындағы 2-ші көрсеткіш суыну аймағына өтті. Алайда бұған дейін бақылауға алынған көрсеткіштердегі «қызып кету» белгілері Үкімет пен ҚРҰБ жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдаулары керектігін білдіреді. Біз ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің келесі отырысында базалық мөлшерлеменің одан әрі көтерілетінін күтеміз.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics

21 шілде 22

142

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшборд

Jusan Analytics командасы ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша арнайы дэшборд әзірледі

Дэшборд экономиканың қысқа мерзімді кезеңнің қандай фазасында тұрғандығын түсінуге және экономикалық агенттердің (инфляция, валюта бағамы, іскерлік белсенділік, пайыздық мөлшерлеме) ықтимал әрекеттерін болжауға мүмкіндік береді.

Әзірленген дэшбордтың нәтижелері бойынша 29 фактордың 22-сі экономиканың тұрақты қызуын көрсетеді. Талдау мынадай 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, монетарлық, экономикалық және сыртқы жағдайлар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарласына семантикалық (мағыналық) талдау жүргізілді.

Жағдайды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау керек. Біз ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің келесі отырысынан базалық мөлшерлеменің жоғарылуын күтеміз. Бұл ретте қызу аумақтарының саны мен тұрақтылығы мөлшерлемені тез көтеру қажеттігін көрсетеді.

Мерзімді зерттеулер


БағамМөлшерлемеҚұнсыздануІскерлік белсенділікJusan Analytics