Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2022.02.12)

Дэшборд нәтижесі бойынша қарашада 30 фактордың 20-сы экономиканың қызып тұрғанын көрсетті. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргізілді.

 

Өткен дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1 көрсеткіш қызу аймағына өтіп кетті. Бағаларға қатысты факторлардың қызуы көтеріліп жатыр. Ал іскерлік белсенділік пен экономиканың өсімі керісінше суынып-ақ кетті. Не керек, стагфляцияның туындау қаупі артуда. Соның себебінен бюджеттік шығындар да артуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда пайыздық мөлшерлемені шектен тыс көтеру бюджет тапшылығын арттыруы мүмкін. Ал егер бюджет тапшылығы артатын болса, ол инфляцияны бақылауда ұстауды қиындатып жібереді. Ішкі экономиканың даму келешегіне қатысты қауіп-қатерлерді ескерер болсақ, орнықты өсім мен тұрақты инфляцияны қамтамасыз етуде басты мәселе – ол шешімдерді өте байыппен қабылдау, сондай-ақ бюджеттік және ақша-несие саясатының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Jusan Analytics

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

479

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Біржолғы зерттеулер


Бизнесеңбек нарығыАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1979

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз