Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Jusan Pay төлем картасын жеке тұлғалар -14 пен 75 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының резиденттері аша алады:

• Шарт жасалған күнге 14 жастан бастап (кәмелетке толмағандар үшін - ата-анасының біреуінің немесе қамқоршысының келісімі болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен Сізге ыңғайлы кез келген бөлімшеге жүгіну арқылы ашуға болады. Кәмелетке толмаған клиенттер үшін Jusan Pay төлем картасын ашуға келісім Банк бөлімшесінде растайтын құжаттар (баланың туу туралы куәлігі, куәландыратын құжат, қамқорлыққа алу құжаттары) болған кезде ата-анасының бірінің немесе қамқоршысының қатысуымен рәсімделеді.  

• Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары 18 жастан бастап Jusan Pay төлем картасына Jusan мобильді қосымшасында  немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен өзіне ыңғайлы кез келген бөлімшеге жүгіну арқылы тапсырыс бере алады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay картасының артықшылықтары:

•  Бір картада 4 валюталық шот (KZT/USD/EUR/RUB) ашу және оларды Jusan мобильді қосымшасында басқару мүмкіндігі,
•  Картаны шығару және қызмет көрсетудің алғашқы жылы тегін,
•  Виртуалды картаны шығару және қызмет көрсету тегін, 
•  Jusan Банктің банкоматтарынан айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз, ҚР-дағы басқа банкоматтардан айына 200 000 теңгеге дейін комиссиясыз ақша шешіп алу,
•  Контактісіз төлем Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay/QR,
• JMart-та  және Jusan мобильді қосымшасында төлемдер жасау кезінде пайдалана алатын қызығушылықтарыңыз бойынша 15% -ға дейінгі бонустар,
• Jusan Garant сақтандыру өнімін Jusan мобильді қосымшасында сатып алғаны үшін 25% - ға дейін бонустар беріледі.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay төлем карталарын ұстаушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылған:

Бірінші деңгей Silver 0,5%-ға дейін бонустар, Екінші деңгей Gold 1%-ға дейін бонустар және үшінші ең жоғарғы деңгей Premium 2%-ға дейін бонустар. Бонустар деңгейі ай сайын 1-күні өткен айда жасалған қолма-қол ақшасыз операцияларының нәтижелері бойынша автоматты түрде беріледі.

Стандартты 2%-ға дейін бонустардан басқа Jusan мобильді қосымшасында "Cатып алу категорияларын" таңдаған кезде жоғарылатылған бонустар, Jusan Garant-тан сақтандыру өнімін Jusan мобильді қосымшасында сатып алғаны үшін 25% - ға дейін бонустар беріледі.

Тегін қосылуға және Бонустардың ағымдағы деңгейін Jusan қосымшасының "Банк" бөлімінде білуге болады.

Бонустарды есептеу көзделмеген операциялар тізімі

Бонустарды Сіз JMart-та және Jusan мобильді қосымшасында төлем жасаған кезде пайдалана аласыз. Есептелген бонустарды Сіз Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде Бірыңғай бонустық шотта көре аласыз. 

Төлем карталарының, басқа да карталық өнімдердің санына қарамастан бір клиенттің шеңберіндегі Бонустардың максималды сомасы:
• айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайтын – Бонустық бағдарламасының «Silver» деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайтын –  Бонустық бағдарламасының «Gold» және «Family» деңгейлеріндегі Клиенттер үшін;
• айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайтын – «Premium»деңгейіндегі Клиенттер үшін;
1 транзакцияға Бонустар есептеудің максималды сомасы 10 000 Бонустан аспайды.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay картасын бірнеше тәсілмен толықтыруға болады:
•   Jusan Банк бөлімшесінде,
•   Cash-in функциясы бар Jusan Банк банкоматында (карта болған жағдайда, сондай-ақ, картасыз ЖСН нөмірін және алушының мобильді телефон нөмірін енгізу арқылы),
•   Касса 24, Yurta, Qiwi терминалдарында-комиссиясыз,
•    Картаға немесе шотқа ақша қаражатын аудару арқылы. Сізге жедел төлем жүйесінің банк - қатысушылар арасында «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» жедел аударымын пайдалануды ұсынамыз.

0% пайдалы деп тапты


Физикалық пластик болған жағдайда Jusan Pay* картасынан бірнеше тәсілмен қолма-қол ақша шешіп алуға болады:

• Jusan Банкінің банкоматтарында;
• ҚР аумағындағы және ҚР аумағынан тыс жерлердегі басқа банктердің банкоматтарында;
• Jusan Банкінің бөлімшесінде.

Виртуалды Jusan Pay* картасынан бірнеше тәсілмен қолма-қол ақша алуға болады:

• «Код арқылы шешіп алу»** функциясы арқылы Jusan Bank банкоматтарында;
• Jusan Банкінің бөлімшесінде;
• ҚР аумағындағы және ҚР аумағынан тыс жерлердегі басқа банктердің банкоматтарында NFC*** технологиясын қолдана отырып  (егер банкоматтың техникалық мүмкіндігі болса).


*Картаның тарифтеріне сәйкес комиссия алынуы мүмкін

** «Код арқылы шешіп алу» функциясын қолдану үшін:
• Jusan қосымшасында «Аударымдар» бөліміне өтіңіз
• «Ақшаны картасыз алу» батырмасын таңдаңыз
• Шешіп алатын сомаңызды енгізіңіз
• Аударымды SMS арқылы растаңыз
• Сізге «Jusan Банк» АҚ банкоматтарынан қаражат шешіп алуға SMS-код келеді
• 1 рет шешіп алудың максималды сомасы - 300 мың теңге
• Тәулігіне шешіп алудың максималды сомасы - 1 500 000 теңге

***NFC – жақын контактісіз байланыс. NFC технологиясын пайдалану тәртібі:
• Картаны Apple Pay, Samsung Pay немесе Google Pay-ға қосу қажет,
• NFC-ті қолдайтын смартфон алыңыз, смартфоныңызда осы қызметті қосыңыз 
• Банкомат NFC-ді қолдайтынына көз жеткізіңіз
• Смартфонды жақындатыңыз

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay төлем картасының реквизиттерін Jusan мобильді қосымшасының "Банк", әрі қарай "Реквизиттер" бөлімінен көре аласыз. Сондай-ақ реквизиттерді Банктің Call-center-іне  7711 (мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін) телефоны бойынша қоңырау шалу арқылы немесе Банк бөлімшесіне жүгіну арқылы білуге болады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay картасы бойынша CVV / CVC - бұл төлем картасының түпнұсқалығын растауға арналған үш таңбалы код, ол картаның артқы жағында қол қоюға арналған жолақтың жанында орналасқан. CVV/CVC Интернетте сатып алу кезінде қолданылады және құпия ақпарат болып табылады, сондықтан Банк CVV / CVC деректерін үшінші тұлғаларға, тіпті өзін Банк қызметкерлері ретінде таныстырса да хабарламауға кеңес береді.

0% пайдалы деп тапты


Үзінді көшірмені 2 тәсілмен алуға болады:

• Jusan мобильді қосымшасында үзінді көшірмені "PDF жүктеу" функциясын таңдау арқылы жүктеуге болады,
•  Jusan Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну арқылы.

0% пайдалы деп тапты


(KZT, USD, EUR, RUB) валютадағы шоттарды қоспағанда басқа валюталық шоттардағы ақша нөлденгеннен кейін, осы шоттарды жабу үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.

0% пайдалы деп тапты


Басқа валюталық шоттарда ақша қаражаты болған кезде (теңге, АҚШ доллары, еуродан, Ресей рублінен басқа) Jusan мобильді қосымшасында қаражатты теңгелік шотқа аударуды жүзеге асыру қажет (аудару кезіндегі бағам аудару күніндегі банктің бағамына тең болады).

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay төлем картасынан аударым операциялары (Банк желісінде):

• Банкте ашылған басқа төлем картасына/шотқа – комиссиясыз,

• стандартты Jusan pay картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,5 %, мин. 250 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).

• Jusan pay жалақы картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,2 %, мин. 200 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).

Jusan Pay төлем картасынан аударым операциялары (Банк желісінен тыс):

• ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 1%, мин. 1000 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay картасынан қолма-қол ақша алу:

•  Jusan Банк банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз,
•  ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында айына 200 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - комиссиясыз, 200 000 теңгеден жоғары - сомадан 1%,
•  ҚР аумағынан тыс банктердің банкоматтарында - 1% + 1000 теңге.

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз Jusan Pay төлем картаңызды жоғалтып алсаңыз, бірінші кезекте картаны бұғаттауыңыз қажет:

•  Jusan мобильді қосымшасында,
•  Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы,

Одан кейін ақша алу және картаны қайта шығару үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгініңіз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Pay төлем картасын тұрақты негізде ( жоғалған, ұрланған жағдайда) және уақытша кез келген уақытта бұғаттауға болады:

•    Jusan мобильді қосымшасында,
•     Банктің Call-орталығына 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы,

Уақытша бұғатталған картаны Jusan мобильді қосымшасында немесе Банк бөлімшесінде өзіңіз бұғаттан шығара аласыз.

Тұрақты негізде бұғатталған карта (жоғалу, ұрлық немесе алаяқтық себебінен) бұғаттан шығарылмайды, картаны Банк бөлімшесінде қайта шығару қажет.

0% пайдалы деп тапты


Банкоматта картаны пайдаланумен байланысты даулы (диспуттық) жағдайда Сізге Jusan Банктің бөлімшесіне жүгіну қажет, онда банкомат тиесілі Банктің мекенжайы мен атауын көрсету қажет. Сіздің өтінішіңіз өтініш берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем картасын ҚР аумағынан тыс  жерде пайдаланған жағдайда мұндай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен аспайтын мерзімде қаралатын болады. Клиенттің өтінішін қарау және оған жауап дайындау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында және төлем жүйелерінің(Visa/Mastercard) қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Егер банкомат картаны бермесе, онда бірінші кезекте оны мобильді қосымшада немесе Jusan Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы бұғаттау қажет (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін). Одан кейін картаны алу үшін немесе жаңа картаны қайта шығару туралы өтініш жазу үшін Jusan  Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну қажет.

0% пайдалы деп тапты


Сіз Jusan pay төлем картасын Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу») немесе Банк бөлімшесінде.
Картаны Jusan мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).

0% пайдалы деп тапты


Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФБанк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 
* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

0% пайдалы деп тапты