Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Жалақылық теңсіздік: көзге көрінбейтін шектеу

Jusan Analytics командасы жалақы бойынша теңсіздік мәселесін одан әрі терең зерттеуді ұйғарды. Еске саламыз, бұған дейін біз 2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбекақы төлеуде гендерлік алшақтық туралы жазған болатынбыз. Бұл жолы жас ерекшеліктеріне қарай, ерлер мен әйелдердің орташа жалақылары қалай өзгеретіндігін қарап шықтық. Талдау Алматы қаласы бойынша Jusan big-data-тің 2022 жылғы деректері негізінде жүргізілді.

Бір қызығы, әйелдер еңбек жолының бастапқы кезеңінде ерлерге қарағанда көп табыс табады екен. Айталық, 20-25 жастағы алматылық азаматшалардың орташа жалақысы құрбылас жігіттерге қарағанда 11 мың теңгеге жоғары. Кейін 26-30 жасқа қарай ерлердің орташа жалақысы 3.5 есеге, ал әйелдердікі тек 2.5 есеге артады. Жалақыдағы алшақтық ерлердің пайдасына қарай 62 мың теңгеге жетеді.

26 жастан 40 жасқа дейінгі аралықта әйелдердің жалақысы өсуін тоқтатады десе де болады (~240 мың теңге). Бұл көпшілік әйелдердің жүктілік демалысына шығуына байланысты болуы ықтимал. Кейін жұмысқа шыққан соң, шыны керек, көп әйелдерге мансап жолын қайтадан бастауларына тура келеді. Біздің есебіміз бойынша ресми статистикаға сәйкес, 23 жастан кейін әйелдерде кемінде бір баланың болу ықтималдығы 50%-дан асады.

Алматылық нәзік жандардың басым бөлігінің (68.7%) жалақысы 146-470 мың теңге ауқымында. Ал жалпы алматылықтардың көпшілігінің жалақыларының ауқымы 123 мыңнан 1 223 мың теңгеге дейін барады.

Біздің жүргізген талдау жұмыс істейтін әйелдер үшін көзге көрінбейтін қандай да бір шектеудің бар екендігі туралы теорияны растайды. Оның бар болуы бірқатар фактілерге негізделуі мүмкін. Бірақ біздің пікірімізше бұл негізінен декреттік демалысқа және балаға да, жұмысқа да үлгеруі үшін әйелдердің анағұрлым ыңғайлы жұмыс кестесін таңдауларына байланысты.

Клара Сейдахметова

Аға талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз