Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

ҚР аумағындағы барлық* супермаркеттерде POS-терминалдарда сатып алу ақысын төлегеніңіз үшін жоғарылатылған бонустар есептеледі. 

* операцияның тағайындалу мақсаты MCC 5411 коды бойынша анықталады 

MCC код – бұл сатылатын тауарлар мен қызметтерге байланысты эквайер банк беретін халықаралық төлем жүйесіндегі сауда-сервис нүктесінің қызмет түрін анықтайтын төрт таңбалы код. 

0% пайдалы деп тапты


«Супермаркеттер» санаты бойынша 3% -ға дейінгі жоғарылатылған бонустар алу үшін Jusan Банктің жалақы карталарын қолданушыларға "Бонустар" бөлімінде санатты таңдау қажет. 

• «Супермаркеттер» жоғарылатылған бонустар санаты жалақы карталарын қолданушыларға соңғы үш күнтізбелік ай ішінде кемі 1 рет 1000 теңгеден асатын сомада жалақы/жұмыс берушіден түскен төлем болған жағдайда қолжетімді болады.
• Жалақы карталарының жаңа қолданушыларына – 1000 теңгеден кем емес сомада  бірінші жалақы/жұмыс берушіден төлем түскен жағдайда қолжетімді болады. 

«Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін жоғарылатылған бонус мөлшері 5%-ды құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Бонустық бағдарламаның толық шарттарымен Cіз "Бонустар" сілтемесі бойынша таныса аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Төлем карталарының, басқа да карталық өнімдердің санына қарамастан бір клиенттің шеңберіндегі Бонустардың максималды сомасы:
• айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайтын – Бонустық бағдарламасының «Silver» деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайтын –  Бонустық бағдарламасының «Gold» және «Family» деңгейлеріндегі Клиенттер үшін;
• айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайтын – «Premium»деңгейіндегі Клиенттер үшін;

1 транзакцияға Бонустар есептеудің ең жоғары сомасы -10 000 бонустан көп емес.
Бонустың құны: 1 (бір) Бонус 1 (бір) теңгеге тең. 
Банк тарифтеріне сәйкес ( Бонустық программа Ережелері) сауда-қызмет көрсету пунктi қызметiнiң түрiне қарай бонустар есептеуге шектеу қойылады.

0% пайдалы деп тапты


Жоғарылатылған бонустар мынадай жағдайларда есептелмейді: 
• Картаға соңғы үш күнтізбелік айда 1000 теңгеден кем емес сомада жалақы/жұмыс берушіден түскен төлем түспеген жағдайда;
•  Мобильді қосымшадағы "Бонустар" бөлімінде "Супермаркеттер" жоғарылатылған бонустар санаты таңдалмаған жағдайда;
•  Төлем POS-терминалда емес, интернет сайтта немесе Супермаркеттің мобильді қосымшасында жасалған жағдайда;
• Төлем ҚР аумағынан тыс жердегі Супермаркетте жүргізілді; 
• Супермаркеттің МСС коды * МСС 5411-ге жатпайды.

* MCC код – бұл сатылатын тауарлар мен қызметтерге байланысты эквайер банк беретін халықаралық төлем жүйесіндегі сауда-сервис нүктесінің қызмет түрін анықтайтын төрт таңбалы код. . 

0% пайдалы деп тапты