Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФБанк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 
* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

0% пайдалы деп тапты


Сіз төлем картасын Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу»). 
Картаны жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).

0% пайдалы деп тапты