Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша бонустарды есептеу қарастырылмаған.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша кредиттік лимиттің рұқсат етілген сомалары мен мерзімдері:
20 000 теңге - 3 ай;
50 000/ 100 000/ 150 000 теңге-6 ай;
200 000/ 300 000 теңге-9 ай;
400 000/ 500 000/ 600 000/ 700 000/ 800 000/ 900 000/ 1 000 000 теңге-12 ай.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі қоса алғанда 12 (он екі) айға дейін – жылдық 0%.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасының талаптары бойынша кредиттік лимиттің қолжетімділік мерзімі сол мерзімге автоматты түрде ұзарту құқығымен кредиттік лимит белгіленген күннен бастап 36 айды құрайды.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card картасы бойынша бөліп төлеу мерзімін есепті кезеңде төлем кезеңі басталғанға дейін тегін ұлғайтуға болады. Ай сайынғы төлемді қалыптастырғаннан кейін бөліп төлеу мерзімін өзгерту мерзімі кешіктірілген төлемдер болмаған жағдайда мүмкін болады, бірақ бұл ретте өзгерістер келесі төлемнен қолданылады. Ай сайынғы төлемді қалыптастырғаннан кейін бөліп төлеу мерзімін өзгерткені үшін комиссия 1000 теңгені құрайды. Бөліп төлеу мерзімін ұзарту үшін Jusan мобильді қосымшасына кіріп, рұқсат етілген мерзімнен қажетті мерзімді таңдау қажет. Бөліп төлеудің ықтимал мерзімі: 3,6,9,12 ай, бірақ ең ұзақ мерзім белгіленген лимит мөлшеріне байланысты.
0% пайдалы деп тапты
Барлық сатып алуларды бөліп төлеу мерзімі-3 ай. Мерзімін ұзарту үшін қызмет көрсету үшін комиссия алынады:
20 000 теңге лимит кезінде-айына 0 теңге
50 000 теңге лимит кезінде-айына 490 теңге
100 000 теңге лимит кезінде-айына 890 теңге
150 000 теңге лимит кезінде-айына 1 290 теңге
200 000 теңге лимит кезінде-айына 1 990 теңге
300 000 теңге лимит кезінде-айына 2 990 теңге
400 000 теңге лимит кезінде-айына 3 990 теңге
500 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі лимит кезінде - айына 4 990 теңге
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша кредит лимитін қолма-қол ақшаға айналдыру қарастырылмаған.
Өз қаражатыңызды алуға болады:
• Jusan Банк банкоматтарынан айына 300 000 теңгеге дейін қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу;
• ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарынан айына 200 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) қолма - қол ақша алу - комиссиясыз, 200 000 теңгеден жоғары-сомадан 1%;
• ҚР аумағынан тыс банктердің банкоматтарынан қолма - қол ақша алу-1% + 1000 теңге.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша несие лимитінен аударым жасау қарастырылмаған. Аударымдар жеке қаражат есебінен мүмкін болады.
Төлем карточкасынан аударым операциялары (банк желісінде):
• Банкте ашылған Басқа төлем картасына/шотқа – комиссиясыз,
• стандартты картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,5 %, мин. 250 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).
• жалақы картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,2 %, мин. 200 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).
Төлем карточкасынан ақша аудару операциялары (Банк желісінен тыс):
• Қазақстан Республикасындағы басқа Банктің төлем карточкасына - 1%, мин 1000 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).
0% пайдалы деп тапты
Jusan мобильді қосымшасында тәулік бойы Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша ақпаратты көруге болады, оған кредиттік лимит сомасы, ақпаратты қарау күніндегі жағдай бойынша берешек кіреді.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша ай сайынғы төлемді өтеу есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін көзделген.
Joy Card бөліп төлеу картасы бойынша қарызды толтыру арқылы өтеуге болады:
• Jusan банк бөлімшесінде,
• Cash-in функциясы бар Jusan Банктің банкоматында,
• Касса 24, Yurta, Qiwi терминалдарында - комиссиясыз,
• Картаға немесе шотқа ақша қаражатын аудару арқылы. Сізге жедел төлем жүйесінің банк - қатысушылар арасында «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» жедел аударымын пайдалануды ұсынамыз.
0% пайдалы деп тапты
Joy Card бөліп төлеу картасын тұрақты негізде (жоғалған, ұрланған жағдайда) және уақытша кез келген уақытта оқшаулауға болады:
• Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласқан кезде.
Уақытша оқшауланған картаны Jusan мобильді қосымшасында немесе Банк бөлімшесінде өз бетінше оқшаулаудан шығара аласыз. Тұрақты негізде оқшауланған карта (жоғалу, ұрлық немесе алаяқтық себебінен) оқшаулаудан шығарылмайды, картаны Банк бөлімшесінде қайта шығару қажет.
0% пайдалы деп тапты
Сіз Joy Card бөліп төлем картасын Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу») немесе Банк бөлімшесінде.
Картаны Jusan мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы;
• шотта тыйымның болмауы;
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).
0% пайдалы деп тапты
Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФБанк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.
* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.
0% пайдалы деп тапты