Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Бонус –Бонустар шарттарына сәйкес Jusan Bank төлем карталарымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде Банк қаражаты есебінен Клиентке берілетін шартты бірлік. 
1 Бонус 1 теңгеге тең. 

0% пайдалы деп тапты


Жаңа өзгерістерге сәйкес 09.10.2023 жылдан бастап келесі жағдайларда бонустар жойылуы мүмкін: 
• Клиент өз қалауымен карта және карталық шотын жапқан жағдайда (басқа карта мен карталық шоты болмаса);
• Клиент өз қалауымен «Family Card» өнімі бойынша қосымша картасын жапқан жағдайда;
• карталық шот бойынша соңғы операция жасалған күннен бастап 180 (жүз сексен) күн ішінде операциялар болмаған жағдайда; 
• бонустық шот бойынша соңғы операция жасалған күннен бастап 180 (жүз сексен) күн ішінде операциялар(бонустарды есептеу, жұмсау, қалпына келтіру және т.б.) болмаған жағдайда.
 

0% пайдалы деп тапты


Jusan Bank төлем карталарын қолданушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылған:
• Family
• Silver
• Gold
• Premium 
Бонустарға қосылған төлем карталарын қолданушыларға Silver деңгейі беріледі.
Бонустар деңгейі ай сайын 1-күні алдыңғы айдың нәтижелері бойынша автоматты түрде беріледі.
Jusan мобильді қосымшасында Сіздің бонустарға қосылуға және өз деңгейіңізді білуге мүмкіндігіңіз бар.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Bank  төлем карталары қолданушыларына бонустардың 4 деңгейі қолжетімді
• Silver деңгейі бонустардың барлық жаңа және қазіргі қатысушыларына қолжетімді. 
Jusan қосымшасының "Банк" бөлімі арқылы тегін қосылуға және бонустардың ағымдағы деңгейін білуге болады; 

• Family – «Jusan Family» өнімінің қолданушыларына қолжетімді
Бір күнтізбелік ай ішінде Jusan Bank карталарымен тауарлар мен қызметтерді, интернет-сатып алуларды төлеу талаптары жоқ;

• Gold – бір күнтізбелік ай ішінде 70 000 теңгеден басталатын сомаға Jusan Bank карталарымен тауарлар мен қызметтерді, интернет-сатып алуларды төлеу;

• Premium - ай сайын келесі шарт талаптарын сақтау:
1. Әрбір  күнтізбелік ай ішінде Jusan Bank карталарымен  сатып алынған тауарлар мен қызметтердің, интернет-сатып алулардың сомасы 120 000 теңгеден асуы тиіс;
2.Әрбір  күнтізбелік ай ішінде  жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден немесе оның шетел валютасындағы баламасынан (есеп айырысу кезінде Банктің бағамы алынады)* асатын депозиті(немесе бірнеше депозит) болуы тиіс.

* Банктің операциялық күнінің соңында Банкте ашылған (тек мерзімді және жинақ) банк салымында (-дарында) (тек мерзімді және жинақ) ақшаның күнделікті қалдығының болуы тиіс.

Маңызды:
Өткен айдағы бонустар деңгейінің жоғарыда көрсетілген шарттары орындалмаған жағдайда, ағымдағы айда деңгей төмендетіледі. 
Бонустар деңгейі ай сайын 1-күні алдыңғы айдың нәтижелері бойынша автоматты түрде беріледі.
Өз бонустық деңгейіңізді Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде білуіңізге болады.

0% пайдалы деп тапты


Family Деңгейі тек  «Jusan Family» өнімінің қолданушыларына ғана қолжетімді.  Бұл деңгей Jusan Family төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде (Банк тарифтеріне сәйкес 0,5% бонустар берілетін сауда нүктелерінің кейбір санаттарын қоспағанда) 1%  мөлшерінде бонустар алуға мүмкіндік береді. 
Family Деңгейі айына бір рет жоғарылатылған бонустары бар екі сүйікті сауда санатын таңдау қолжетімді. Сүйікті санаттарды таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады. 
Family  деңгейiне қол жеткiзу және сақтау үшiн әрбiр күнтiзбелiк ай iшiнде Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтер үшiн ақы төлеу талаптары жоқ.
 

0% пайдалы деп тапты


Silver — бұл Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 0,5% мөлшерінде бонустар алуға мүмкіндік беретін бонустарға қатысушының ең төменгі деңгейі.

Ол үшін Jusan мобильді қосымшасының "Менің Банкім" бөліміндегі бонустарға қосылу жеткілікті.

Silver деңгейінде айына бір рет жоғарылатылған бонустары бар сүйікті сауда санатын таңдау қолжетімді, сүйікті санатты таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады*.

*Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу деңгей беру сәтінде Банкке түскен қаржылық құжаттар бойынша ай сайын 1-ші күні жүргізіледі. Қаржылық құжат-бұл төлем аяқталғаннан кейін эквайер-банк автоматты түрде қалыптастырған растаушы электрондық құжат.

Jusan мобильді қосымшасының "Менің Банкім"бөлімінде Бонустарға қосылуға және өз деңгейіңізді білуге болады.

0% пайдалы деп тапты


Gold-бонустарға қатысушының деңгейі, Банктің тарифтеріне сәйкес 0,5% бонустар берілетін сауда нүктелерінің кейбір санаттарын қоспағанда, ол Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 1%  мөлшерінде бонустар алуға мүмкіндік береді, - толығырақ мына жерден қараңыз ( Бонустық программа Ережелері ).

Gold деңгейінде айына бір рет жоғарылатылған бонустары бар екі сүйікті сауда санатын таңдау қолжетімді, сүйікті санаттарыңызды таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.

Gold деңгейiне қол жеткiзу және деңгейді сақтау үшiн әрбiр күнтiзбелiк ай iшiнде Jusan Bank төлем карточкасымен 70 мың теңгеден асатын тауарлар мен қызметтер үшiн ақы төлеудi жүзеге асыру қажет*.

*Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу деңгей беру сәтінде Банкке түскен қаржылық құжаттар бойынша ай сайын 1-ші күні жүргізіледі. Қаржылық құжат-бұл төлем аяқталғаннан кейін эквайер-банк автоматты түрде қалыптастырған растаушы электрондық құжат.

Деңгейіңізді Jusan мобильді қосымшасынан «Банкім» бөлімінен білуге болады.

0% пайдалы деп тапты


Premium - бонустарға қатысушыларға арналған ең жоғары шарттары бар деңгейі,  Банктің тарифтеріне сәйкес 0,5-1% бонустар берілетін сауда нүктелерінің кейбір санаттарын қоспағанда, ол  Jusan Bank  төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 2% мөлшерде бонустар алуға мүмкіндік береді  - толығырақ мына жерден қараңыз (Бонустық программа Ережелері) .

Premium деңгейінде айына бір рет бонустары жоғары төрт сүйікті сауда санатын таңдау қолжетімді, сүйікті санаттарыңызды таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.

Premium деңгейіне қол жеткізу және сақтау үшін:

1. Әрбір күнтізбелік ай ішінде Jusan Bank карталарымен  сатып алынған тауарлар мен қызметтердің, интернет-сатып алулардың сомасы 120 000 теңгеден асуы тиіс*,
2. Әрбір күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден немесе оның шетел валютасындағы баламасынан (есеп айырысу кезінде Банктің бағамы алынады)** асатын депозиті (немесе бірнеше депозит) болуы тиіс.

*Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу деңгей беру сәтінде Банкке түскен қаржылық құжаттар бойынша ай сайын 1-ші күні жүргізіледі. Қаржылық құжат-бұл төлем аяқталғаннан кейін эквайер-банк автоматты түрде қалыптастырған растаушы электрондық құжат.

** Банктің операциялық күнінің соңында Банкте ашылған (тек мерзімді және жинақ) банк салымында (-дарында) (тек мерзімді және жинақ) ақшаның күнделікті қалдығының болуы тиіс. Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап (және одан әрі) Premium бонустық деңгейін анықтау үшін ақпан айында (және одан әрі) Jusan Invest брокерлік шоттың немесе Jusan Garant сақтандырудың болу шарттары жойылады.

Өз деңгейіңізді Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде білуге болады.

0% пайдалы деп тапты


Бонустар деңгейлері бойынша ақпарат Jusan мобильді қосымшасының "Менің Банкім" бөлімінде қолжетімді.

0% пайдалы деп тапты


Бонустар деңгейін анықтау үшін келесі операциялар кірмейді:

•       телекоммуникация қызметтеріне ақы төлеу (ұялы байланыс, Интернет, теледидар және т. б.);
•        коммуналдық төлемдер;
•        кепілге берілетін төлемдер, облигациялар;
•        салық төлемдері, бюджетке төленетін төлемдер, айыппұлдар;
•        қолма-қол қаражатты алу;
•        ақша аударымдары және ақша қаражатын есепке алу;
•        электрондық әмияндарды толықтыру;
•        тауарларды/қызметтерді қайтару жүзеге асырылған операциялар;
•        банкоматтар арқылы қызметтерге ақы төлеу.  

Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу деңгей беру сәтінде Банкке түскен қаржылық құжаттар* бойынша ай сайын 1-ші күні жүргізіледі.

* Қаржылық құжат-бұл төлем аяқталғаннан кейін эквайер-банк автоматты түрде қалыптастырған растаушы электрондық құжат.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының "Менің Банкім" бөлімінде ағымдағы деңгейді көрсету, есепке алынған сомалар бойынша деректер және Gold немесе Premium деңгейіне өту үшін қолма-қол ақшасыз операциялар сомасының қажетті саны қолжетімді.

0% пайдалы деп тапты


Бірнеше Jusan Bank төлем карталары болған кезде деңгейді анықтау үшін есеп айырысу сіздің, балалар мультивалюталық төлем картасынан басқа, барлық карталарыңыз бойынша қолма-қол ақшасыз шығыстардың жалпы сомасында жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


2%-ға дейінгі стандартты бонустардан бөлек, Jusan Bank төлем карталарын қолданушылар үшін Jusan мобильді қосымшасындағы "Сатып алу санаттарында" сүйікті санатты таңдаған жағдайда жоғарылатылған бонустар беріледі.
Сатып алу санаттары - бұл сауда-сервис нүктесінің қызмет түрі бойынша жіктелген санаттар. Әр деңгейде 15%-ға дейінгі жоғарылатылған бонустары бар санаттардың әртүрлі саны таңдауға қолжетімді болады:
• Silver деңгейі – 1 санат;
• Gold деңгейі – 2 санаттар;
• Family деңгейі – 2 санаттар;
• Premium деңгейі – 4 санаттар;

Таңдалатын категориялар:
• Супермаркеттер – 3% бонустар жалақы карталарын ұстаушылар үшін. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Қазақстанның барлық Супермаркеттерінде.
• Киім және аяқ-киім – 3% бонустар. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Барлық ерлер, әйелдер мен балалар киімі дүкендерінде.
• Кафелер мен мейрамханалар – 3% бонустар. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Барлық кафелер, мейрамханалар, барлар, кофеханалар, жылдам тамақтану мейрамханалары (Fast Food), кондитерлік дүкендер, нан өнімдері, бәліштер.
• Тағам жеткізу – 5% бонус. Тапсырыстың ақысын Интернетте төлеумен (e-com сатып алу) дайын тамақты мейрамханалардан және кафелерден курьер арқылы жеткізу.
• Білім беру – 5% бонустар. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, университеттерде және білім беру мекемелерінде.
• Сұлулық салондары және косметикалар– 5% бонус. Парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және шаштараз.
• Онлайн кино және музыка  – 15% бонус. Стримингтік және музыкалық сервистер: Megogo, Netflix, Amedia, Amediateka, Ivi, Яндекс плюс, Spotify, Apple music және басқасы.
• Фитнес және SPA – 5% бонус. Фитнес, билеу, жүзу, теннис, ату, массаж, косметикалық орталықтары және SPA. 
• Жиһаз – 5% бонус. Электр жабдықтарын қоспағанда, жиһаз және тұрмыстық бұйымдар. 
• Ойын қызметтері – 10% бонус. Қосымшаларда, ойындарда, Steam-да және басқа ойын дүкендерінде сатып алу.
• Медициналық қызметтер – 5% бонус. Медициналық орталықтар, ауруханалар, стоматология және лабораториялар. 
• Саяхат – 5% бонус. Барлық әуе желілерінің билеттері, туристік агенттіктер және экскурсия ұйымдастырушылар.
• Такси - 7% бонус. Автомобильдерде жолаушыларды тасымалдау және такси қызметі.
• Балаларға арналған тауарлар - 5% бонус. Балалар киімдері, бұйымдары және аксессуарлар дүкендері 5945 Ойыншық, ойындар және хобби-тауарлар дүкендері. 
• Үй жануарлары - 5% бонус. Ветеринарлық қызметтер. Зоодүкендер.
• Яндекс Go-мен жеткізу – 10% бонус. Яндекс Go- дағы «Тағам» бөліміндегі барлық тапсырыстарға Банк Картасымен төлеу кезінде. 

Санаттарды таңдау мүмкіндігі айына бір рет қолжетімді және таңдаудан кейін ағымдағы айдың соңына дейін жарамды. Келесі айда тағайындалған деңгейге байланысты бұрын таңдалған санаттарды сақтауға немесе жаңаларын таңдауға болады. Бұл ретте, қажетті санаттарды таңдау тек есептеулер аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болатынын есте сақтаған жөн, оған сәйкес Бонус бағдарламасы деңгейіне өзгерістер енгізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Бонустарға қосылу үшін Jusan қосымшасында «Менің банкім» бөліміндегі Бонус ережелерімен танысып, қосылу батырмасын басу қажет.
Бонустарға қосылу - тегін қызмет, ол Jusan мобильді қосымшасында төлем картасын іске қосу кезеңінде қолжетімді. 

0% пайдалы деп тапты


Бонустар сәтті жүргізілген операция бойынша қаржылық құжатты алғаннан кейін төленеді.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Tole терминалдарында Jusan QR пайдалана отырып, төлем картасымен төлеу кезінде сатып алу сомасының 0,5% мөлшерінде бонустар есептеледі.

0% пайдалы деп тапты


Бонустар есептеу үшін Банк Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген сауда және сервис кәсіпорындарында/серіктестерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде Интернет желісінде жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдерді* есепке алады (МСС код ерекшеліктенін қоса алғанда).
* операцияның тағайындалу мақсаты MCC коды бойынша анықталады

MCC код – бұл сатылатын тауарлар мен қызметтерге байланысты эквайер банк беретін халықаралық төлем жүйесіндегі сауда-сервис нүктесінің қызмет түрін анықтайтын төрт таңбалы код. 

0% пайдалы деп тапты


Бонустарды есептеу осы төлем картасының бейілділік бонустық бағдарламасына қатысуы шартымен Jusan Bank төлем карталары бойынша қарастырылған. 

0% пайдалы деп тапты


Бонустарды пайдалану келесі операцияларға Jusan мобильді қосымшасында қолжетімді:

• Jusan QR арқылы төлем*
• JMart-тағы барлық тауарлар мен қызметтер*
• «Төлемдер» бөліміндегі қызметтердің көпшілігі*  **
• «Lifestyle» бөліміндегі іс-шараларға билет сатып алу*
• «Саяхат» бөлімінде темір жол немесе әуе билетін сатып алу*

* төлеу кезінде «Jusan картасын» таңдап, «Jusan бонустарын» қосыңыз;
**«Төлемдер» бөлімінде белгілі бір қызметтер бойынша бонустарды пайдалану мүмкін емес:
• Букмекерлік кеңселер; 
• Салықтар мен айыппұлдар; 
• Ұйымдардағы несиелерді өтеу; 
• Өзге де қызметтер.

0% пайдалы деп тапты


MCC коды-бұл сатылатын тауарлар мен қызметтерге байланысты эквайер банк беретін халықаралық төлем жүйесіндегі cауда-сервис нүктесінің қызмет түрін анықтайтын төрт таңбалы код.

Төлемдердің көпшілігі үшін  деңгей бойынша стандартты бонус беріледі:

• Premium 2%
• Gold 1%
• Family 1%
• Silver 0,5%.

Қолма-қол ақшаны алу, ақша аудару және төлемдердің кейбір түрлері кезінде барлық деңгейлерде бонустың 0-ден 1% - ға дейін есептеледі, тізімді осы жерден қараңыз (Бонустық бағдарлама ережелері).

Сатып алу санаттарында" сүйікті санатты таңдаған кезде жоғары бонустар:

• Супермаркеттер – 3% бонустар жалақы карталарын ұстаушылар үшін. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Қазақстанның барлық Супермаркеттерінде.
• Киім және аяқ-киім – 3% бонустар. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Барлық ерлер, әйелдер мен балалар киімі дүкендерінде.
• Кафелер мен мейрамханалар – 3% бонустар. 5% жоғарылатылған бонустар - «Elite» өнімдері бойынша премиум-карталарын ұстаушылар және Jusan Pay премиум-дебеттік жалақы картасын ұстаушылар үшін. Барлық кафелер, мейрамханалар, барлар, кофеханалар, жылдам тамақтану мейрамханалары (Fast Food), кондитерлік дүкендер, нан өнімдері, бәліштер.
• Тағам жеткізу – 5% бонус. Тапсырыстың ақысын Интернетте төлеумен (e-com сатып алу) дайын тамақты мейрамханалардан және кафелерден курьер арқылы жеткізу.
• Білім беру – 5% бонустар. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, университеттерде және білім беру мекемелерінде.
• Сұлулық салондары және косметикалар– 5% бонус. Парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және шаштараз.
• Онлайн кино және музыка  – 15% бонус. Стримингтік және музыкалық сервистер: Megogo, Netflix, Amedia, Amediateka, Ivi, Яндекс плюс, Spotify, Apple music және басқасы.
• Фитнес және SPA – 5% бонус. Фитнес, билеу, жүзу, теннис, ату, массаж, косметикалық орталықтары және SPA. 
• Жиһаз – 5% бонус. Электр жабдықтарын қоспағанда, жиһаз және тұрмыстық бұйымдар. 
• Ойын қызметтері – 10% бонус. Қосымшаларда, ойындарда, Steam-да және басқа ойын дүкендерінде сатып алу.
• Медициналық қызметтер – 5% бонус. Медициналық орталықтар, ауруханалар, стоматология және лабораториялар. 
• Саяхат – 5% бонус. Барлық әуе желілерінің билеттері, туристік агенттіктер және экскурсия ұйымдастырушылар.
• Такси - 7% бонус. Автомобильдерде жолаушыларды тасымалдау және такси қызметі.
• Балаларға арналған тауарлар - 5% бонус. Балалар киімдері, бұйымдары және аксессуарлар дүкендері 5945 Ойыншық, ойындар және хобби-тауарлар дүкендері. 
• Үй жануарлары - 5% бонус. Ветеринарлық қызметтер. Зоодүкендер.
• Яндекс Go-мен жеткізу – 10% бонус. Яндекс Go- дағы «Тағам» бөліміндегі барлық тапсырыстарға Банк Картасымен төлеу кезінде. 

Сіз өзіңіздің ағымдағы деңгейіңізді және бонустардың жоғары санаттарын Jusan қосымшасының "Менің Банкім" бөлімінен біле аласыз.

Сауда нүктесінің МСС-кодын тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізгеннен кейінБанктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласып білуге болады. 

0% пайдалы деп тапты


Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде бонустарды есептеу Silver, Gold, Family, Premium деңгейлерінде қарастырылған.

Төлем карталарының, басқа да карталық өнімдердің санына қарамастан бір клиенттің шеңберіндегі Бонустардың максималды сомасы:
• айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайтын – «Silver» деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайтын –  «Gold» және «Family»деңгейлеріндегі Клиенттер үшін;
• айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайтын – «Premium»деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 50 000 (елу мың) Бонустан аспайтын –  «Private Banking» сегментіне жататын Клиенттер-жеке тұлғалар үшін;

1 транзакцияға Бонустар есептеудің ең жоғары сомасы -10 000 бонустан көп емес.
Бонустың құны: 1 (бір) Бонус 1 (бір) теңгеге тең.

Банктiң ресми сайтында орналастырылған Бонустық бағдарлама ережелерiне сәйкес сауда және қызмет көрсету сауда нүктесi қызметiнiң түрiне қарай бонустар есептеуге шектеу қойылады.

0% пайдалы деп тапты


Егер бонус деңгейі айдың 1-ші күні өзгермесе, онда Сіз бұрын қосқан санаттар сақталады немесе оларды басқа Сіз қалаған санаттарға өзгертуге болады *.

Бұл ретте, қажетті санаттарды таңдау тек есептеулер аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн, оған сәйкес Бонус бағдарламасы деңгейіне өзгерістер енгізіледі.

*Санаттарды өзгерту айына бір рет қолжетімді.

0% пайдалы деп тапты


Егер Бонус деңгейі айдың 1-ші күні жоғары немесе төмен өзгерсе, онда Сізге қажетті санаттарды қайта таңдап, қосу керек *.

Бұл ретте, қажетті санаттарды таңдау тек есептеулер аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн, оған сәйкес Бонус бағдарламасы деңгейіне өзгерістер енгізіледі.

*Санаттарды өзгерту айына бір рет қолжетімді.

0% пайдалы деп тапты


Клиенттің бонустары:

• шоттар арасындағы аударуға (өзінің/үшінші тұлғалардың),
• нақты ақшаға айырбастауға,
• өтеу есебіне техникалық овердрафтты немесе банк алдындағы өзге берешекті пайдалануға жатпайды.

0% пайдалы деп тапты


Егер бонустар сомасы тиісті есептеуге сәйкес келмесе, 7711 нөмірі бойынша Jusan Bank Call-center-іне хабарласуыңызды сұраймыз (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).

0% пайдалы деп тапты


Мысалы:

Клиент №1

• 2022 жылғы 30 желтоқсанда 500 000 теңгеге депозит ашты
• қаңтар айында одан ақша алмады 
• карта бойынша 120 мың теңгеден астам сомаға сатып алулар жасады

Ақпан айында клиентке Premium деңгейі беріледі

Клиент №2

• 750 000 теңгеге ашылған депозиті бар
• 15 қаңтарда 200 000 теңгені алып, депозиттегі қалдық ақша  550 000 теңгені құрайды
• карта бойынша 120 мың теңгеден астам сомаға сатып алулар жасады

Ақпан айында клиентке Premium деңгейі беріледі

Клиент №3

• 750 000 теңгеге ашылған депозиті бар
• 20 қаңтарда 300 000 теңге алады, 25 қаңтарда депозитті 500 000 теңгеге толықтырады
• карта бойынша 120 мың теңгеден астам сомаға сатып алулар жасады

Ақпан айында клиентке Gold деңгейі беріледі, өйткені депозиттегі қалдықты сақтау бойынша талап орындалмады (20-25 қаңтар аралығында қалдық 500 000 теңгеден кем болды).

0% пайдалы деп тапты