Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

AQYL депозитін келесі тәсілдермен ашуға болады:
* Jusan мобильді қосымшасында
* Jusan банк бөлімшесінде*
* қосымша баланың жеке басын куәландыратын құжатты немесе туу туралы куәлікті ұсыну қажет (егер салым кәмелетке толмаған баланың атына ашылса).

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитін тек ұлттық валюта - теңгемен ашуға болады.

Пайыздық мөлшерлеме - 12,0%  ( ЖТCМ 12,7% - ға дейін). 

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитін одан әрі ұзартумен 36  айға ашуға болады.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозиті жеке тұлғалардың 10 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы депозиттеріне кепілдік беру объектісі болып табылады.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитін ашу үшін ең аз сома депозит ашылған сәтте 3 АЕК-ті құрайды.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитін тек ҚР азаматтары ғана аша алады.

0% пайдалы деп тапты


Бір клиентке бір ғана "AQYL" депозитін ашуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын жылдық 5% және 7% мөлшерінде, жинақтаудың ең аз мерзімі 1 жыл болған кезде 01 қаңтарға нақты жинақталған қалдыққа есептеледі, бірақ 100 АЕК-тен аспайды. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу бойынша ең ұзақ мерзім-20 жыл.

Жылдық 7% мөлшерінде басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған депозиттерге есептеледі:

1) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелеттік жасқа толған, бірақ 23 жасқа толғанға дейін;
2) мүгедектер;
3) төрт және одан көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
4) аз қамтылған отбасылардың балалары.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитінен білім беру қызметтері үшін төлем салымшының өтініші бойынша растайтын құжаттарды (ЖОО-мен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмелері, төлем шоты және басқа да құжаттар) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитінен барлық оқу кезеңі үшін ақы төлегеннен кейін салымшы немесе оның заңды өкілі  аталған соманы мемлекет сыйлықақыны сақтай отырып алуға құқылы.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозитіндегі қаражатты төмендегі тұлғалар басқара алады:

1. Cалымшы не оның заңды өкілі білім беру салымындағы қаражатты бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке жылына 1 реттен аспай толық аударуға құқылы.

1. Салымшы білім беру грантын алған жағдайда, оның:

• білім беру салымына қаражат жинақтауды жалғастыру;

• қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру салымына аудару;

• білім беру салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы;

• басқа білім деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберу.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозиті ұзарту күніне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы есептеле отырып, автоматты түрде сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.

0% пайдалы деп тапты


Оқу орнының шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражатты мақсатты алу жағдайларын қоспағанда, "AQYL" депозитінен ішінара алу көзделмеген. Операция тек Банк бөлімшелерінде ғана жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, "AQYL" депозитіндегі ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL" депозиті бойынша мемлекеттен сыйлықақылар тоқтатылады:

1) 20 жыл өткеннен кейін;
2) салым шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін;
3) салымшы қайтыс болған; сот салымшыны әрекетке қабілетсіз деп таныған; хабар-ошарсыз кеткен не қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

0% пайдалы деп тапты


"AQYL"депозитін мерзімінен бұрын жабу Jusan Банктің бөлімшелері арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мемлекет сыйлықақысы сақталмай:

• салымшының/заңды өкілдің бастамасы бойынша;
• салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен соң;
• жинақтау мерзімі заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталса;
• салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

емлекеттің артық есептелген сыйлықақысы фактісін анықтау.

Мемлекет сыйлықақысын сақтай отырып:

• барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлегеннен кейін  салымда қаражат қалған жағдайда;
• білім беру гранты берілген жағдайда;
• салымшы қайтыс болған, сот оны хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты