Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Jusan жинақтау+ салымын 14 жастан асқан Қазақстан Республикасының резидент, бейрезидент - жеке тұлғалары аша алады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan жинақтау+ салымын Jusan мобильді қосымшасында немесе Jusan Банктің мультивалюталық картасы болған жағдайда Банк бөлімшесінде ашуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan жинақтау+ салымын теңге және АҚШ долларында ашуға болады.
Салым бойынша пайыздық мөлшерлеме:
• теңгеде - 15,0 % (ЖТСМ 16,1 % - ға дейін);
• АҚШ долларында - 1,0 % (ЖТСМ 1,0 % - ға дейін).

0% пайдалы деп тапты


Салым 6 ай мерзімге ашылады.

0% пайдалы деп тапты


Салым ашудың минималды сомасы - 10 000 теңге или 20 АҚШ доллары.

0% пайдалы деп тапты


Жеке тұлғалардың 20 000 000 теңгеге дейін, шетел валютасында: 5 000 000 теңгеге дейін сомасындағы Jusan жинақтау+ депозиттері кепілдік беру объектісі болып табылады.

0% пайдалы деп тапты


Салым бойынша максималды соманы ескере отырып толықтыру қарастырылған. Салымды қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз толықтыруға болады.

0% пайдалы деп тапты


ҚР заңнамасында кіріс салығы көзделген болса, оны ұстай отырып салым бойынша жинақтау шотына ай сайынғы төлем төлеу қарастырылған (капитализация).

0% пайдалы деп тапты


Жинақтау салымының аталған санаты бойынша ішінара шешіп алу қарастырылмаған.

0% пайдалы деп тапты


Егер мерзімі аяқталған салымді клиент шешіп алмаған жағдайда салымды автоматты түрде ұзарту қарастырылған. Дәл сол мерзімге шектеусіз рет, жеке тұлғаларға қызмет көрсетудің Кешенді шартында көрсетілген шарттарды ескере отырып, мерзімін ұзарту күнінде қолданылатын сыйақы мөлшерлемелері бойынша ұзартылады.

0% пайдалы деп тапты


Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген шектеулер бойынша салымды мерзімінен бұрын бұзу қарастырылған:
•  Сіз салымды мерзімінен бұрын шешіп алу туралы шешіміңізді Банк бөлімшесінде өтініш қалдыру арқылы Банкке хабарлаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін ала аласыз.
•  Бұл ретте өтініш қалдырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде:
- сыйақы есептеу тоқтап қалмайды;
- Салымшы Банк бөлімшесінде салымды мерзімінен бұрын шешіп алу туралы өтінішін кері қайтаруға өтініш қалдыра алады;
- егер Салымшы салымды мерзімінен бұрын шешіп алу туралы өтінішін кері қайтарып алмаса, 31 (отыз бірінші) күнтізбелік күні жинақтау шоты жабылады. Салым ашылған/соңғы ұзартылған күннен бастап түскен сыйақы жинақтау салымын бұзу сәтінде Банкте қолданылатын "Талап етілгенге дейін" мөлшерлемесімен қайта септелінеді, қайта есептелген сыйақысымен бірге салым сомасы төлем картасы арқылы ағымдағы шотқа түсіріледі. 

0% пайдалы деп тапты


Депозиттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күнi Банктiң бөлімшесіне өтiнiш жасау немесе мобильдiк қосымшада депозиттi жабуға өтiнiш беру қажет. Мерзімі аяқталған соң салым жабылатын болса, Сіз салым сомасын + салымның қолданыста болған мерзімінде түскен сыйақы мөлшерлемесін аласыз. Егер салым мерзімі аяқталған күннен келесі күні жүгінген жағдайда, онда салымды мерзімінен бұрын бұзу талаптары қолданылатын болады.

0% пайдалы деп тапты