Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Mastercard World Elite премиалды төлем картасын 14 жастан асқан жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері аша алады.
Mastercard World Elite премиалды төлем картасын Jusan Банктің Premium офисінде/Private Banking VIP орталығындағы жеке менеджер ашады.   

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасын шығару үшін комиссия  – 0 теңге.
Mastercard World Elite  (негізгі карта) картасына қызмет көрсету үшін комиссия–– айына 5 000 теңге. 

Мынадай шарттарды сақтаған кезде Visa Infinite картасына қызмет көрсету  - 0 тг:
• Айына 500 000 тг басталатын сомаға сауда жасаған кезде, 
• Қалдық айына 45 000 000 тг көп болғанда.

0% пайдалы деп тапты


 Mastercard World Elite сервистері және артықшылықтары: 
• Консьерж-сервис, 
• Lounge Key, 
• Саяхаттаушыларды 1 500 000 USD-ға дейін сақтандыру, 
• Астана қ. әуежайындағы CIP-зал  (ішкі ұшулар үшін),   
• Fast Track, 
• Flexiroam роумингінде 3 ГБ, 
• Mastercard Travel Rewards - бүкіл әлем бойынша кэшбэкпен эксклюзивті ұсыныстар, 
• priceless.com - әсер және әлемдік деңгейдегі іс-шараларға қатысу, 
• Mastercard ұсынатын басқа да жергілікті және халықаралық артықшылықтар.

Mastercard World Elite картасының артықшылықтары: 
• 3 валютада ашылады: KZT, USD, EUR. Jusan мобильді қосымшасында валюталар қосу мүмкіндігі бар  (RUB, AED, GBP, TRY). 
•  0 тг - картаға қызмет көрсету: 
-айына  500 000тг басталатын сомаға сауда жасағанда 
-қалдық айына  45 000 000 тг көп болғанда, 
• 0 тг- «SMS-ақпараттандыру", 
• 0 тг-Jusan Банктің банкоматтарында және еліміздің басқа банкоматтарында айына 1 500 000 тг дейін ақша шешіп алу, 
• қалаған категорияларда  15%-ға дейін бонустар, 
• Contactless,  
• 3D Secure, 
• Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay байланыссыз төлем.

0% пайдалы деп тапты


Иә, MasterCard World Elite қосымша төлем картасы негізгі төлем картасын ұстаушының өзіне де, үшінші тұлғаға да шығарылады.
Негізгі карта ұстаушысына 3-ке дейін қосымша карталар шығаруға болады.

0% пайдалы деп тапты


Visa Signature (қосымша карта) жылдық қызмет көрсету үшін комиссия - бірінші жылы 0 теңге, әрі қарай "Elite" өнімі бойынша қолданыстағы тарифтерге сәйкес.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite премиалды төлем картасын 14 жастан* асқан жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері аша алады.

*Шарт жасалған күнге 14 жастан бастап 18 жасқа дейін (кәмелетке толмағандар үшін - ата-анасының біреуінің немесе қамқоршысының келісімі болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен бөлімшеге жүгінген кезде. Кәмелетке толмаған клиенттер үшін Mastercard World Elite төлем картасын ашуға келісім Банк бөлімшесінде растайтын құжаттар (баланың туу туралы куәлігі, куәландыратын құжат, қамқорлыққа алу құжаттары) болған кезде ата-анасының бірінің немесе қамқоршысының қатысуымен рәсімделеді.   

0% пайдалы деп тапты


Консьерж-сервис-кез келген тапсырмаларды 24/7 шешуге көмектесуге дайын кәсіби көмекшілер тобы: қажетті ақпаратты табуға, күнделікті тапсырмаларды орындауға, саяхаттарды ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.
MasterCard World Elite картасының иесі сұранысты таңдалған мессенджердегі чат - бот консьержі арқылы жібере алады: Telegram, WhatsApp, Viber немесе kz@customer-support.center электрондық поштасы арқылы.

Консьерж-сервиске қосылу үшін Сізге:
https://kz.customer-support.center/  cайтына кіру керек,
•  Ыңғайлы мессенджерді таңдап, белгішені басу керек,
•  Тіркелу үшін көрсетілген сілтемеге өту керек,
•  Авторизациядан кейін мессенджерге оралып, консьерждің чат-ботын қолдануды бастау керек.

Консьерж-сервис - тегін қызмет, MasterCard World Elite картасының ұстаушысы сервис арқылы тапсырыс берілген тауарлар мен қызметтерге ғана ақы төлейді (мысалы: Билеттерді сатып алу, гүлдерді жеткізу, салонның SPA қызметтері және басқалар).

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем карталарын ұстаушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылған:

Бірінші деңгей Silver 0,5% бонустарға дейін, екінші деңгей Gold 1% бонустарға дейін және үшінші максималды деңгей Premium 2% бонустарға дейін. Бонустар деңгейі өткен айдың қолма-қол ақшасыз жүргізілген операцияларының нәтижелері бойынша ай сайын 1-ші күні автоматты түрде беріледі.

2%-ға дейінгі стандартты бонустардан басқа Jusan мобильді қосымшасында "Сатып алу категорияларын" таңдау кезінде 15% -ға дейін.

Бонустарға қосылуға және ағымдағы деңгейін Jusan қосымшасындағы "Менің Банкім" бөлімінде көруге болады.
Бонустарды есептеу қарастырылмаған операциялардың тізім

Бонустарды JMart-та және Jusan мобильді қосымшасында төлемдер кезінде пайдалануға болады. Есептелген бонустарды Jusan мобильді қосымшасында Менің Банкім бөліміндегі Бірыңғай бонустық шотта көре аласыз. Бонустардың ең жоғары төлемі-айына 50 000 теңге (төлем карточкаларының бір ұстаушысы шеңберінде (клиенттің төлем карточкаларының санына қарамастан) 1 транзакцияға бонустарды есептеудің ең жоғары сомасы – 10 000 бонустан аспайды.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасының реквизиттерін Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде, әрі қарай "Реквизиттер" бөлімінде көрсетіледі. Сондай-ақ реквизиттерді Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы немесе Банктің Premium офисіндегі/Private Banking Jusan VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласу арқылы білуге болады. 

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасын бірнеше әдіспен толықтыруға болады: 
• Jusan Банктің Premium офисінде/VIP орталығында ,
• Jusan Банктің cash-in функциясы бар банкоматында (карта болған жағдайда, сондай-ақ, картасыз ЖСН нөмірін және алушының мобильді телефон нөмірін енгізу арқылы),
• Касса 24, Yurta, Qiwi терминалдарында,
• Ақшалай қаражатыңызды карта немесе шотқа аудару арқылы. Сізге жедел төлем жүйесінің банк - қатысушылары арасында «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» жедел аударым қызметін пайдалануды ұсынамыз.

0% пайдалы деп тапты


CVV / CVC - картаның артқы жағында қол қою өрісінің жанында орналасқан төлем картасының түпнұсқалығын растайтын үш таңбалы код. CVV/CVC онлайн сатып алу кезінде қолданылады және құпия ақпарат болып табылады, сондықтан Банк CVV/CVC деректерін үшінші тұлғаларға, тіпті өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға айтпауға кеңес береді.

0% пайдалы деп тапты


Үзінді көшірмені 2 жолмен алуға болады: 
• Jusan мобильді қосымшасында, "PDF жүктеу" функциясы арқылы үзінді көшірмені жүктеу арқылы;
• Jusan  Банктің Premium офисінде/Private Banking VIP орталығындағы жеке менеджерден.

0% пайдалы деп тапты


Банк желісіндегі Mastercard World Elite картасынан ақша аудару операциялары үшін комиссиялар:
• Jusan Банкте ашылған басқа төлем карточкасына/шотқа – комиссиясыз,
• Мыналар айналысқа шығарған төлем карточкасына:
- ҚР резидент-банкі (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге) айналысқа шығарған төлем карточкасына Банктің мобильді қосымшасы арқылы –айына 1 500 000 теңгеге дейін - 0 теңге, одан жоғары 0,2%, ең азы 200 теңге
-шетелдік банк айналысқа шығарған төлем карточкасына Банктің мобильді қосымшасы арқылы -айына 1 000 000 теңгеге дейін - 0 теңге, одан жоғары -сомадан 0,5% + 1 000 теңге

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасынан қолма-қол ақша алу:
• Jusan Банктің банкоматтарында айына 1 500 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары – сомадан 1%; 
• ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында айына 1 500 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары – сомадан 1%;  
• ҚР аумағынан тыс жердегі банктердің банкоматтарында айына 500 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары –сомадан  1% + 1000 теңге (басқа валютадағы эквиваленті).

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз Mastercard World Elite картасын жоғалтсаңыз, картаны оқшаулауыңыз керек:
•Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс жерде болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы.
Әрі қарай, Jusan Банктің Premium офисіндегі/Private Banking VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласыңыз. 

0% пайдалы деп тапты


Егер банкомат картаны бермесе, онда бірінші кезекте оны Jusan мобильді қосымшасында немесе 7711 нөмірі бойынша (мобильді телефондардан тегін қоңырау шалу) Jusan Банктің  Call-center-іне қоңырау шалу арқылы оқшаулау қажет. Әрі қарай, картаны алу немесе жаңа картаны қайта шығару туралы өтініш жазу үшін Jusan Банктің Premium офисіндегі/Private Banking VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласу қажет.

0% пайдалы деп тапты


Банкоматта картаны пайдаланумен даулы (диспуттық) жағдай болған кезде Jusan Банктің Premium офисіндегі/VIP орталығындағы дербес менеджерге өтініш жазып, өтініште банкомат тиесілі Банктің мекенжайын және атауын көрсету керек. 
Өтініш Банкке өтініш жасаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік  күннен аспайтын, сондай-ақ төлем карточкасын ҚР шегінен тыс жерде пайдаланған жағдайда осындай өтінішті алған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қаралатын болады. Клиенттің өтінішін қарау және  жауап дайындау мерзімі ҚР заңнамасында және Төлем жүйелерінің ережелерінде(Visa/Mastercard) белгіленген мерзімде жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем картасын кез келген уақытта  тұрақты негізде (жоғалған, ұрланған кезде) немесе уақытша оқшаулауға болады:
• Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (мобильді телефондардан тегін қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс жерде болған кезде) нөмірлері арқылы хабарласқан кезде.
Тұрақты негізде оқшауланған карта (жоғалған, ұрланған кезде) оқшауланудан шығаруға жатпайды, картаны Jusan Банктің Premium офисінде/Private Banking VIP орталығында қайта шығару қажет.
Уақытша оқшауланған картаны Jusan мобильді қосымшасында немесе Premium офисінде/Private Banking VIP орталығында жеке менеджер арқылы өз бетіңізше оқшаулаудан шығаруға болады.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем картасын Jusan Банктің Premium офисіндегі/Private Banking VIP орталығындағы жеке менеджерге барып жабуға болады. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет.
Сонымен қатар Сіз  төлем картасын Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу»).
Картаны Jusan мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды);  
• қосымша ашылған карта болмауы тиіс. 

0% пайдалы деп тапты


Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• таңдалған картаны жабу - карта шотына ашылған қосымша картаны жапқан соң ғана мүмкін болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФ Банк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 

* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

0% пайдалы деп тапты