Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Брокерлік шотты онлайн Jusan мобильді қосымшасында ашуға болады. Ол үшін:
• «Сервистер» бөліміне кіру;
• Қосымшаның басты бетіндегі "Инвестициялар" бөлімінде "Шот ашу" батырмасын басу қажет*
*Ескеру маңызды: шотты ашу 1 күннен 3 жұмыс күніне дейінгі уақытты алуы мүмкін. Шотты ашу және  жүргізу - тегін.

0% пайдалы деп тапты


Брокерлік шотты 18 жастан бастап ашуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Шотты ашу және  жүргізу - тегін.

0% пайдалы деп тапты


Брокерлік шот ашу 1 күннен 3 жұмыс күніне дейінгі уақытты алады.

0% пайдалы деп тапты


Сізге ыңғайлы кез келген сомадан бастауыңызға болады.
Дегенмен саудада келесі жағдайларды ескерген жөн:
• халықаралық нарықта Jusan Invest-тің 0.1% және контрагенттің 0.01 цент/әр акция үшін (минималды комиссия мөлшері –7,5 доллар/ әр келісім үшін, максималды –1%/ келісім сомасынан); 
• жергілікті нарықта комиссия келісім сомасынан 0,03%-ды құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Брокерлік шотты толтырудың ыңғайлы және жылдам әдісі - Jusan мобильді қосымшасы арқылы Jusan Банк картасынан аударым жасау арқылы.
Брокерлік шотты толтырудың қосымша әдістері:
- Кез келген банктің бөлімшесі арқылы, бұл әдіс бойынша жіберуші банктің тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
- Шотты шетелдік валютада толықтыру үшін кез келген банктің бөлімшесіне жүгінуге болады.
Өзіңізбен бірге Jusan Invest-тің қабылдау белгісі бар брокерлік келісімшартқа қосылуға арналған өтінішіңіздің көшірмесі болу керек.

0% пайдалы деп тапты


Брокерлік шотты тұру ықтиярхаты бар нерезиденттер аша алады*
* Тұру ықтиярхаты – шетелдік азаматтың ҚР тұрақты тұру құқығын растайтын рұқсат бар құжат

0% пайдалы деп тапты


Валюталарды Jusan мобильді қосымшасында айырбастауға болады:
• Jusan Invest бөлімінде;
• «Толтыру» батырмасының көмегімен қажетті валютаны брокерлік шотқа аудару.

0% пайдалы деп тапты


Бұл жағдайда төмендегідей әрекет етуге кеңес береміз:
• 1-ші қадам. Jusan банктік шотының ішінде теңгені қажетті валютаға айырбастау;
• 2-ші қадам. «Инвестициялар» бөліміне өту;
• 3-ші қадам. валютадағы қажетті соманы Өзіңіздің брокерлік шотыңызға «Толтыру» батырмасының көмегімен аудару.

0% пайдалы деп тапты


«Келісім есептелуде» термині келісімнің сәтті статусын көрсетеді және ақша немесе құнды қағаздың есепке алыну процесі жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.
Келісімнің есепке алынуы төмендегідей жүзеге асырылады: 
• жергілікті нарықта қағаздың сипаттамасына байланысты 2 күн ішінде;
• халықаралық қағаздар бойынша  келісім жасалған күннен кейінгі 2-ші жұмыс күні.

0% пайдалы деп тапты


Құнды қағазды Jusan мобильді қосымшасында өкім жасау арқылы сатуға болады. Ол үшін:
• міндетті бағандарды толтыру керек;
• әрі қарай «Сату» батырмасын басу керек.

0% пайдалы деп тапты


Бағалы қағаздарға инвестиция салудың әмбебап ережелері жоқ, активтерді сатып алу және сату туралы шешім қабылдар кезде әр Инвестор өзінің инвестициялық стратегиясын ойластырады және басшылыққа алады.

0% пайдалы деп тапты


Сізге біздің t.me/jusananalytics Телеграм арнамызға жазылуға кеңес береміз, онда сарапшылар мен талдаушылар күн сайын жаңалықтармен, инвестициялық идеялармен және ұсыныстармен бөлісіп отырады.

0% пайдалы деп тапты


Облигацияны сатып алыңыз және оны купон төленетін күнге дейін портфеліңізде сақтаңыз. Купондар Cіздің брокерлік шотыңызға түседі*.
* купондар алу мерзімі облигацияларды шығарудың нақты шарттарына байланысты төлем күнінен бастап бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін болуы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Биржада облигацияны нарықтық бағамен кез келген уақытта сатуға болады. Алайда Сіз кез келген жағдайда сату сәтіндегі купондар бойынша жинақталған купондық кірісті (ЖКК) аласыз. Оны Сізге облигацияларыңызды сатып алушы төлейді.
ЖКК-сы жоқ облигацияның бағасы "таза" деп аталады, ал ЖКК ескерілген баға "лас"деп аталады. Қосымшада "лас" баға көрсетіледі.

0% пайдалы деп тапты


Дивидендтер Сіздің брокерлік шотыңызға түседі. Jusan мобильді қосымшасында қаражатты алуға бұйрық беру арқылы Қазақстан Республикасының кез келген Банкінде Сіздің атыңызға ашылған карточкалық немесе ағымдағы шотыңызға аударуға болады.
* - аудару мерзімі 1-ден 3 жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасындағы брокерлік шоттан ақшаны Сіздің атыңызға ашылған шоттарға шығарып алуға болады. Ол үшін Сізге:
• "Шығару" бөліміне өту;
• валютаны таңдау;
• аударып алу үшін шот нөмірін* көрсету керек.
* Жылдам және ыңғайлы әдіс – ақшаны Jusan картаңызға немесе ағымдағы шотыңызға аудару. Бұл жағдайда ақша шотқа тезірек және комиссиясыз түседі.

0% пайдалы деп тапты