Жүргізілген келісім үшін комиссия алынады, бұл ретте:
• жергілікті нарықта сауда жасау кезінде комиссия келісім сомасының 0,03% -ын құрайды;
• халықаралық нарықта сауда жасау кезінде комиссия келісім сомасының 0,1%-ын және контрагенттің комиссиясы акция үшін 0.01 цент мөлшерін құрайды (минималды комиссия мөлшері – келісім үшін 7,5 доллар, максималды комиссия мөлшері - келісім сомасынан 1%).
• шот ашу және жүргізу тегін;
• ақшалай қаражатты шығару және толтыру кезінде қосымша шығындар туындауы мүмкін, бұл ретте комиссияны операцияны жүргізетін банк белгілейді.
• Jusan банктік шотынан толықтыру және Jusan банктік шотына шығару комиссиясыз.
Сіз барлық тарифтермен ресми сайтта таныса аласыз www.jusaninvest.kz.
0% пайдалы деп тапты
Иә, кастодиан банк* қағаздарды сақтағаны үшін комиссия алады.
• қазақстандық нарықтағы сауда кезінде/ қазақстандық нарықта сауда жасағанда - бұл бағалы қағаздар Орталық депозитарийі,
• халықаралық нарықтардағы мәмілелер бойынша - бұл Euroclear жаһандық кастодианы.
Тарифтермен мобильді қосымшада және ресми сайтта таныса аласыз.
* Кастодиан банк - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды сақтау және өзге де қызмет бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып сақтауды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
0% пайдалы деп тапты