БЖЗҚ Жеке кабинетінде "Қызметтер" бөлімінде "Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аудару" қызметін таңдаңыз. Сіз бұл бөлімде "Jusan Invest" АҚ-ын таңдайсыз. БЖЗҚ қосымшасында зейнетақы жинақтарының қалаған бөлігін жеке басқаруға беруге болады. Біздің кәсіби команда өз стратегиясын ұстана отырып, сенімді және кіріс мөлшері жоғары қаржы құралдарына инвестиция салады. Сіз зейнетақы жинақтары мен инвестициялардан кіріс аласыз. Зейнеткерлік жасқа жеткен соң Өз жинақтарыңызды инвестициялардан түскен өсіммен бірге аласыз. Толық бейне нұсқаулық
0% пайдалы деп тапты
Зейнетақы жинақтарын аудару зейнеткерлік жасқа толмаған және зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асатын азаматтар үшін қолжетімді.
0% пайдалы деп тапты
Зейнетақы жинақтарының жай-күйін eGov.kz сайтынан немесе eGov.kz қосымшасынан көруге болады. Бұл ретте, БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе cabinet.enpf.kz/porog-дегі көмекшіні пайдалана отырып сенімгерлік басқаруға қанша қаражат беруге болатындығын тексеруге болады.
0% пайдалы деп тапты
БЖЗҚ-ның жеке кабинетіндегі "Қызметтер" бөлімінде, әрі қарай "Зейнетақы жинақтарының аударымы" бөлімінде басқарушы компания мен соманы таңдау қажет. БЖЗҚ өз стратегиясы мен инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялайтын Сіз таңдаған басқарушы компанияға аударымды жүзеге асырады.
0% пайдалы деп тапты
Өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде БЖЗҚ активтерді ҚРҰБ сенімгерлік басқаруынан Jusan Invest сенімгерлік басқаруына береді.
0% пайдалы деп тапты
Салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесіне қайтару құқығын сақтайды.
0% пайдалы деп тапты
Зейнетақы жинақтарын басқару жөніндегі шарттың негізгі талаптары Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Белгіленген талаптар зейнетақы активтерін басқару тәртібін, қаржы құралдарын сатып алуға рұқсат етілген ең төменгі кірістілікті, басқарушы компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Бұл талаптар Jusan Invest Зейнетақы жинақтарын басқару стилі мен стратегиясын анықтауға негіз болады.
0% пайдалы деп тапты
"Jusan Invest" АҚ инвестициялық қызметінің нәтижелерін БЖЗҚ сайтында бақылауға болады. "Jusan Invest" АҚ ұсынған Зейнетақы жинақтарын инвестициялау құрылымы мен стратегиясы бойынша алдын ала ақпаратты біздің сайттан табуға болады.
0% пайдалы деп тапты
Сенімгерлік басқарушының Зейнетақы жинақтарын аудару процесі шешіп алуға жатпайтындықтан, аударылған активтерге салық салынбайды.
0% пайдалы деп тапты
Егер Сіз өз жинақтарыңызды Jusan Invest басқармасына аударған болсаңыз, онда оларды 2 жылдан кейін ғана БЖЗҚ-ға қайтаруға болады.
0% пайдалы деп тапты
Активтер қандай да бір ұйымның балансынан тыс, Орталық депозитарийде және халықаралық депозитарийде сақталады. Бағалы қағаздарды сақтау және есепке алу ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес бізбен үлестес емес банктерде ғана жүргізіледі. Басқарушы компания дефолтқа ұшыраған кезде де, басқаруға берілген активтерге ештеңе болмайды.
0% пайдалы деп тапты
Команда активтерді валюталар, құралдар кластары, салалар және география бойынша орынды бөлуді көздейтін теңдестірілген инвестициялық стратегияны таңдады. Инвестициялаудың ең маңызды критерийі қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығы және онымен байланысты тәуекелдер болып табылады. Толық ақпарат және портфель құрамы сілтеме бойынша
0% пайдалы деп тапты
Иә, бірнеше басқарушы компаниялар арасында бөлу қарастырылған және БЖЗҚ-да кез келген соманы қалдыруға да болады. Бірақ Басқарушы Компаниялар арасында жылына 1 рет қана ауыстыруға болады.
0% пайдалы деп тапты
Сіз минималды рұқсат етілген шектен жоғары кез-келген соманы жібере аласыз. БЖЗҚ-дағы жеке кабинетіңізде Jusan Invest-ке аударым функциясы пайда болады және Сіз онда нақты қандай соманы жіберуге болатынын көре аласыз.
0% пайдалы деп тапты
Инвестициядан түскен табыс қайта инвестицияланатын болады. Зейнеткерлік жасқа жеткенде Сіз зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялық табыспен бірге аласыз.
0% пайдалы деп тапты
Валюта бойынша теңгемен 50% заңнамалық лимиті бар, яғни соманың бір бөлігі міндетті түрде теңгемен инвестициялануы тиіс. Ал тәуекелге бармас үшін теңгедегі зейнетақы ақшасын қайда салуға болады?! Тек ҚРҰБ ноталары және Қаржы министрлігі облигациялары. Қазіргі уақытта мөлшерлемелер жеткілікті деңгейде жоғары және инфляцияға жақсы сыйлықақылар қарастырылған.
0% пайдалы деп тапты
Бізде басқару комиссиясы жоқ. Тек инвестициялық кірістен 5% мөлшерінде комиссия ұсталады. Мысалы, портфельдің кірістілігі 15% құрайды, одан біздің комиссия 0.75%-ты құрайды.
0% пайдалы деп тапты
Салымшылар үшін инвестициялауға қатысу қарастырылмаған, себебі бұл сенімгерлік басқару. Сонымен қатар, барлық ақша иесіздендіріледі және біз қай салымшылар біздің басқарушы компанияға ақша аударғанын да білмеймін боламыз.
0% пайдалы деп тапты
Инвестициялық стратегия қаншалықты жиі өзгереді?
0% пайдалы деп тапты
Бағалы қағаздар қандай да бір ұйымның балансынан тыс болады, сондықтан бәрі қауіпсіз сақталады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар банктерде емес, депозитарийлерде сақталады және БЖЗҚ-ның кастодиандық шотына қайтарылады.
0% пайдалы деп тапты
Жергілікті бағалы қағаздар - Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде (Ұлттық банктің еншілес ұйымы), шетелдік бағалы қағаздар - Euroclear-де. Біз тек Қазақстан Республикасының құқықтық заңдары аясында жұмыс істейміз.
0% пайдалы деп тапты
Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияға аудару шешіп алуға жатпайтындықтан, берілген активтерге салық салынбайды.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Invest басқаратын Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың ең төменгі мақсатты кірістілігі 13% құрайды.
0% пайдалы деп тапты
Бұл теңгедегі ең төменгі мақсатты кірістілік көрсеткіші, біздің бэк тестіміздің нәтижесі бойынша соңғы 7 жылдағы жылдық орташа кірістілік 16,07% көрсетті.
0% пайдалы деп тапты
Басқарушы компанияға берілген зейнетақы жинақтары үшін БЖЗҚ – да қолданыста болған барлық қасиеттер мен қағидаттар сақталады.
0% пайдалы деп тапты
Басқарушы компаниялар басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі=жеке басқарушы компаниялардың (ЖБК) басқаруына берілген барлық зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінің 70%-ы. Бағаланатын кезеңнің қорытындылары бойынша Jusan Invest ие болған номиналды кірістілік пен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда, Jusan Invest салымшыға бұл айырманы меншікті капитал есебінен өтеуі тиіс. Мысалы, барлық ЖБК-лардың орташа кірістілігі 15% деңгейінде болды, яғни әрбір ЖБК кем дегенде 10.5% (15% - дан 70%) кірісті қамтамасыз етуі керек. Егер ЖБК 9% көрсетсе, онда 1.5% (10.5–9) айырмашылықты Jusan Invest меншікті капиталы есебінен өтейді.
0% пайдалы деп тапты
Басқарушы компания бұл шығындарды өз мойнына алады.
* Кастодиан банк - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды сақтау және өзге де қызмет бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып сақтауды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
0% пайдалы деп тапты
Ағымдағы Заң бойынша мұндай тетік көзделмеген, бірақ ҚҚҚ-да осы мәселе бойынша талқылаулар өтуде.
0% пайдалы деп тапты
Салымшылар жинақтарын заңнамада белгіленген мерзімде басқа мақсаттарға аударуға құқылы.
0% пайдалы деп тапты
Басқармаға берілген зейнетақы активтері бойынша кірістілікті Сіз БЖЗҚ сайтындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін БЖЗҚ/Жеке кабинет/Қызметтер/ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу батырмаларын таңдаңыз. Алынған құжаттың соңғы бетінде берілген сәттен бастап барлық деректер көрсетілген.
0% пайдалы деп тапты
Өтініштің күшін жою көрсетілген өтінішті БЖЗҚ орындағанға дейін, яғни зейнетақы жинақтарын ЖЗШ-нан есептен шығарғанға дейін ғана қолжетімді болады. Күшін жою туралы өтініш негіз көрсетуді талап етпейді, яғни негіз салымшының дербес шешімі болып табылады. Орындалған өтініш қате жіберілген болса да, оның күшін жою мүмкін емес екеніне назар аударыңыз. Сізден мұқият болуыңызды сұраймыз.
0% пайдалы деп тапты