Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Онлайн несиеге өтінім беру үшін Сізге:

• Онлайн несиені рәсімдеуге өтінімді Jusan мобильді қосымшасының басты бетінде беру;
• Онлайн несиені алу үшін сауалнаманы толтыру;
• Банктің қабылдаған шешімі туралы PUSH-хабарламаны күту керек. 

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз және сізде зейнетақы аударымдары болмаса, ипотекалық қарыз және тұрғын үй төлемдері болған жағдайда Сізге:

• Jusan мобильді қосымшасында өтінім беріп, "Табыс туралы анықтама" және "Тұрғын үй төлемдері туралы анықтама" тіркеуіңіз керек. 

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасындағы Онлайн несиенің ең жоғары сомасы 8 000 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несиеге өтінімді Jusan мобильді қосымшасында 09:00-дан 22:00-ға дейін беруге болады.

Jusan мобильді қосымшасында Онлайн несие алу үшін Сізде:

•  жеке басты куәландыратын құжат болуы керек;

Банктен оң шешім алған жағдайда, егер Сізде карта болмаса,  мобильді қосымшада төлем картасы ашылады, оған несие қаражаты түседі.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында Онлайн несие алу үшін Сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

0% пайдалы деп тапты


Қарызды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несиені ресімдеуге арналған өтінімдер, егер клиенттер - қарызды өтеу күніне 18 жасқа толған және 70 жастан аспаған Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар болса, қаралады.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несие бойынша шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі береді, Банк қызметкерлері осы процеске қатыспайды және шешімге ықпал ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім Сіздің несиелік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты жеке қабылданады.

0% пайдалы деп тапты


Ай сайынғы төлемді төлеу үшін Банктік қарыз шартында көрсетілген өтеу шотын ай сайынғы төлем күніне дейін* Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруыңыз қажет.
Шотты толтырудың ең қолайлы әдістері:
• Банк бөлімшесі арқылы,
• Kassa 24, Yurta, Qiwi төлем терминалдары арқылы,
• Jusan банкоматтарында Cash-in функциясымен картаны толтыру арқылы,
• Шотқа басқа ЕДБ-ден, өз шоттары арасында немесе Банк ішінде аударым жасау арқылы.

Өзіңіздің өтеу шотыңызды Jusan мобильді қосымшасы, «Несиелер» бөліміндегі несие туралы ақпараттың «Төлем шоты» бөлімінен біле аласыз.

* Жеке тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі жария келісімге сәйкес, ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражат Астана уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін қамтамасыз етілуі тиіс.

0% пайдалы деп тапты


3-ші тұлғаның Онлайн несие бойынша төлемді ай сайын өтеуі мүмкін. Үшінші тұлғаның Онлайн несиені мерзімінен бұрын / ішінара өтеуі тек нотариалды сенімхат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіздің Оналйн несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз демалыс күніне түссе, онда төлем демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несие бойынша төлем күнін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банктік қарыз шартына сәйкес төлем күнін өзгерту үшін комиссия алынады.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтеуді Jusan мобильді қосымшасында немесе Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.

0% пайдалы деп тапты


Онлайн несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтегені үшін комиссиялар, айыппұл санкциялары жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Сіз несие рәсімдегеннен кейін келесі жағдайларда қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз:
• Сіз 1,2,3 топтағы мүгедектік алсаңыз; 
• Сіздің жұбайыңыз және (немесе) жақын туыстарыңыз* 1, 2 топтағы мүгедектік алса;
• Сіздің жұбайыңыз және/немесе жақын туыстарыңыз* қайтыс болса;
• Сіз әскери қызметке шақырту алсаңыз;
• Жүктілік және босану бойынша демалыс немесе балаға күтім жасау бойынша демалыс алсаңыз;
• Сізде немесе Сіздің жауапкершілігіңіздегі адамда дерт** анықталса;
• Сізге материалдық залал келтірілген жағдайда (өрт, су басу, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және т.б. нәтижесінде);
• Сіз өңіраралық қоныс аудару бағытындағы «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Банк Сіз ұсынған тиісті растау құжаттарының негізінде қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

* Жақын туыстары – бұл ата-аналары (ата-ана), балалары, асырап алған ата-аналары, асырап алған балалары, толық туған және жартылай туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері.
** Дерт «Екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде болған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты


Сіз Jusan Банктің кез келген бөлімшесінде қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында Онлайн несие алуға өтінімдер санына шектеу жоқ.

* Әрбір нақты жағдайда кредит бойынша шешім жеке қабылданады және Клиенттің кредиттік тарихының сапасына мен төлем қабілеттілігіне байланысты шығарылады. Клиент несие ресімдегеннен кейін  Jusan мобильді қосымшасында Онлайн несие алуға өтінішті бірден қайтадан бере алады.

0% пайдалы деп тапты