Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Жеке тұлғалар -  Қазақстан Республикасының резиденттері 14* жастан бастап, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өзімен бірге алып, Jusan Банктің өзіңізге ыңғайлы кез келген бөлімшесіне бару арқылы жәрдемақылар, алименттер және зейнетақы алуға арналған әлеуметтік картаны аша алады.

*14 пен 18 жас аралығындағы клиенттер заңды өкілдерінің/қамқоршыларының келісімімен.

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік картаның артықшылықтары:
• Картаны шығару және қызмет көрсетудің алғашқы жылы тегін;
• Jusan Банктің  банкоматтарынан айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз, елдің басқа банкоматтарынан айына 200 000 теңгеге дейін комиссиясыз ақша алу;
• JMart-та және Jusan мобильді қосымшасында төлемдер жасау кезінде пайдалана алатын қызығушылықтарыңыз бойынша 15%-ға дейінгі бонустар.

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік төлем карталарын ұстаушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылады:  
Бірінші деңгей Silver 0,5%-ға дейін бонустар, Екінші деңгей Gold 1%-ға дейін бонустар және үшінші ең жоғарғы деңгей Premium 2%-ға дейін бонустар. Бонустар деңгейі ай сайын 1-күні өткен айдың қолма-қол ақшасыз операцияларының нәтижелері бойынша автоматты тәсілмен беріледі.
Стандартты 2%-ға дейін бонустардан басқа Jusan мобильді қосымшасында "Cатып алу категорияларын" таңдаған кезде жоғарылатылған бонустар.
Jusan қосымшасының "Банк" бөлімінде бонустық бағдарламаға тегін қосылуға және бонустардың ағымдағы деңгейін білуге болады.
Бонустарды есептеу көзделмеген операциялар тізімі
Бонустарды Сіз JMart-та және Jusan мобильді қосымшасында төлем жасаған кезде пайдалана аласыз. Есептелген бонустарды Сіз Jusan мобильді қосымшасының "Банк"  бөлімінде Бірыңғай бонустық шотта көре аласыз. 
Төлем карталарының, басқа да карталық өнімдердің санына қарамастан бір клиенттің шеңберіндегі Бонустардың максималды сомасы:
• айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайтын – Бонустық бағдарламасының «Silver» деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайтын –  Бонустық бағдарламасының «Gold» және «Family» деңгейлеріндегі Клиенттер үшін;
• айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайтын – «Premium»деңгейіндегі Клиенттер үшін;

1 транзакцияға Бонустар есептеудің максималды сомасы 10 000 бонустан аспайды.
Бонустың құны: 1 (бір) Бонус 1 (бір) теңгеге тең. 
 

0% пайдалы деп тапты


• Төлемдер мен жәрдемақыларға арналған әлеуметтік картаға жәрдемақылардан басқа толықтырулар қарастырылмаған.
• Алименттерге арналған әлеуметтік картаға алименттерден басқа толықтырулар қарастырылмаған.
• Зейнетақыға арналған әлеуметтік карта бойынша толықтырудың кез келген түрі қарастырылған.

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік картаның деректемелерін Jusan мобильді қосымшасының "Банк", әрі қарай "Деректемелер" бөлімінен көре аласыз. Сондай-ақ деректемелерді Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы немесе Банк бөлімшесіне жүгіну арқылы білуге болады. 

0% пайдалы деп тапты


CVV / CVC - бұл төлем картасының түпнұсқалығын растайтын үш таңбалы код, ол картаның артқы жағында қол қоюға арналған жолақтың жанында орналасқан. CVV/CVC Интернетте сатып алу кезінде қолданылады және құпия ақпарат болып табылады, сондықтан Банк CVV / CVC деректерін үшінші тұлғаларға, тіпті өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да хабарламауға кеңес береді.

0% пайдалы деп тапты


Үзінді көшірмені 2 тәсілмен алуға болады:

• Jusan мобильді қосымшасында үзінді көшірмені "PDF жүктеу" функциясын таңдау арқылы жүктеуге болады;
• Jusan Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу арқылы.

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік картадан қолма-қол ақша алу:

•  Jusan Банк банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз, жоғары - сомадан 1%;
•  ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында айына 200 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - комиссиясыз, 200 000 теңгеден жоғары - сомадан 1%;
•  ҚР аумағынан тыс банктердің банкоматтарында-1% + 1000 теңге.

0% пайдалы деп тапты


Банк желісінде әлеуметтік карточкасынан аударым операциялары банк желісінде:

• Банкте ашылған Басқа төлем картасына/шотқа – комиссиясыз;
• стандартты картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,5 %, мин. 250 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге);
• жалақы картасынан ҚР-дағы басқа банктің төлем картасына - 0,2 %, мин. 200 теңге (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге).
 

Банк желісінен тыс Әлеуметік карталарынан аударым операциялары үшін комиссия:

• Қазақстан Республикасындағы басқа Банктің төлем картасына - 1 %, кем дегенде 1000 теңге (1 операцияға лимит-1 000 000 теңге).

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз әлеуметтік картаны жоғалтсаңыз, картаны оқшаулауыңыз керек:
• Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы.

Әрі қарай ақша алу және картаны қайта ресімдеу үшін Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне баруыңызды сұраймыз. 

0% пайдалы деп тапты


Егер банкомат картаны бермесе, онда бірінші кезекте оны мобильді қосымшада немесе Jusan Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы оқшаулау қажет (мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін). Одан кейін картаны алып қою немесе жаңа картаны қайта шығару туралы өтініш жазу үшін Jusan Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну қажет.

0% пайдалы деп тапты


Банкоматта картаны пайдаланумен байланысты даулы (диспуттық) жағдайда Сізге Jusan Банктің бөлімшесіне жүгіну қажет, онда банкомат тиесілі Банктің мекенжайы мен атауын көрсету қажет. Сіздің өтінішіңіз өтініш берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем картасын ҚР аумағынан тыс  жерде пайдаланған жағдайда мұндай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен аспайтын мерзімде қаралатын болады. Клиенттің өтінішін қарау және оған жауап дайындау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында және төлем жүйелерінің(Visa/Mastercard) қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік картаны тұрақты негізде (жоғалған, ұрланған жағдайда) және уақытша кез келген уақытта оқшаулауға болады:

• Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірі бойынша хабарласқан кезде.

Уақытша оқшауланған картаны Jusan мобильді қосымшасында немесе Банк бөлімшесінде өз бетінше оқшаулаудан шығара аласыз. Тұрақты негізде оқшауланған картаны (жоғалту, ұрлау немесе алаяқтық себебінен) оқшаулаудан шығаруға болмайды, картаны Банк бөлімшесінде қайта шығару қажет.

0% пайдалы деп тапты


• Әлеуметтік картаға жәрдемақыны аудару үшін тыйым салу қарастырылмаған.
• Әлеуметтік картаға алименттерді аудару үшін екінші деңгейдегі банктердің төлем талаптарынан басқа тыйым салынуы мүмкін.
• Зейнетақыны тағайындау үшін әлеуметтік картаға кез-келген қамауға алынуы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Сіз әлеуметтік картаны Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу») немесе Банк бөлімшесінде.
Картаны Jusan мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).

0% пайдалы деп тапты


Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФБанк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 
 

* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

0% пайдалы деп тапты