Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Mastercard World Elite картасының артықшылықтары:
• Бір картада 4 валюталық шотқа дейін ашу және оларды Jusan мобильді қосымшасында басқару мүмкіндігі,
• Mastercard Консьерж қызметтері,
• Жоғары премиум карта мәртебесі,
• Астана қ. әуежайындағы CIP-зал  (ішкі ұшулар үшін),  
• Fast Track,
• Flexiroam роумингінде 3 ГБ,
• Mastercard Travel Rewards - бүкіл әлем бойынша кэшбэкпен эксклюзивті ұсыныстар,
• priceless.com - әсер және әлемдік деңгейдегі іс-шараларға қатысу,
• Lounge Key қызметі-шектеусіз,
• Mastercard бизнес-залдары,
• Саяхаттаушыларды 500 000 USD-ға дейін сақтандыру,
• Картаның әрекет ету мерзімі 5 жыл,
• SMS - хабарлама комиссиясыз, 
• Jusan Банк банкоматтарында және елдің басқа банктердің банкоматтарынан айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз,
• JMart және Jusan мобильді қосымшасында төлемдер жасау кезінде пайдалана алатын қызығушылықтарыңыз бойынша 15%-ға дейінгі бонустар.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем карталарын Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған резидент жеке тұлғаларына ашуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем карталарын ұстаушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылған:  

Бірінші деңгей Silver 0,5%-ға дейін бонустар, Екінші деңгей Gold 1%-ға дейін бонустар және үшінші ең жоғарғы деңгей Premium 2%-ға дейін бонустар. Бонустар деңгейі ай сайын 1-күні өткен айдың қолма-қол ақшасыз операцияларының нәтижелері бойынша автоматты тәсілмен беріледі.

Стандартты 2%-ға дейін бонустардан басқа Jusan мобильді қосымшасында "Cатып алу категорияларын" таңдаған кезде жоғарылатылған бонустар.

Тегін қосылуға және бонустардың ағымдағы деңгейін Jusan қосымшасының "Банк" бөлімінде білуге болады.

Бонустарды есептеу қарастырылмаған операциялардың тізімі 

Бонустарды Сіз JMart-та және Jusan мобильді қосымшасында төлем жасаған кезде пайдалана аласыз. Есептелген бонустарды Сіз Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде Бірыңғай бонустық шотта көре аласыз. 

Төлем карталарының, басқа да карталық өнімдердің санына қарамастан бір клиенттің шеңберіндегі Бонустардың максималды сомасы:
• айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайтын – Бонустық бағдарламасының «Silver» деңгейіндегі Клиенттер үшін;
• айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайтын –  Бонустық бағдарламасының «Gold» және «Family» деңгейлеріндегі Клиенттер үшін;
• айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайтын – «Premium»деңгейіндегі Клиенттер үшін;
1 транзакцияға Бонустар есептеудің максималды сомасы 10 000 бонустан аспайды.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard Консьерж-қызметі Mastercard World Elite картасы бойынша клиент сұрау салған кезде броньдауды, резервтеуді жүзеге асырады, тапсырысты орналастырады немесе қызметтерді жеткізушімен бірлесіп және Бағдарламада тіркелген Консьерж қызметінің көмегімен карта ұстаушының мақұлдауымен төлем жасау үшін карта ұстаушының картасынан төлем жасайды. Қазақстан Республикасындағы ұстаушылар үшін нөмірі: +7 (727) 355 19 00, Клиенттер үшін электрондық мекенжайы: info@konsierge.com

Mastercard Консьерж-қызметіне бірінші рет хабарласқан кезде, карта ұстаушылар тіркеу ақпаратын, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, кейіннен тексеру үшін жеке ақпаратты (аты, қалаулы жүгіну, байланыс деректері, оның ішінде телефон нөмір(лер)і, электрондық пошта мекенжайы) және Mastercard картасы туралы деректерді ұсынуы тиіс.  

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасының реквизиттерін Jusan мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде, әрі қарай "Реквизиттер" бөлімінде көрсетіледі. Сондай-ақ реквизиттерді Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы немесе Банк бөлімшесіне жүгіну арқылы білуге болады. 

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасын бірнеше тәсілмен толықтыруға болады:
•  Jusan Банк бөлімшесінде,
•  Cash-in функциясы бар Jusan Банктің банкоматында (карта болған жағдайда, сондай-ақ, картасыз ЖСН нөмірін және алушының мобильді телефон нөмірін енгізу арқылы),
•  Касса 24, Yurta терминалдарында-комиссиясыз,
•  Картаға немесе шотқа ақша қаражатын аудару арқылы. Сізге жедел төлем жүйесінің банк - қатысушылар арасында «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» жедел аударымын пайдалануды ұсынамыз.

0% пайдалы деп тапты


CVV/CVC - бұл төлем картасының түпнұсқалығын растауға арналған үш таңбалы код, ол картаның артқы жағында қол қою жолының жанында орналасқан. CVV/CVC Интернетте сатып алу кезінде қолданылады және құпия ақпарат болып табылады, сондықтан Банк CVV / CVC деректерін үшінші тұлғаларға, тіпті өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да хабарламауға кеңес береді.

0% пайдалы деп тапты


Үзінді көшірмені 2 тәсілмен алуға болады:
•  Jusan мобильді қосымшасында үзінді көшірмені "PDF жүктеу" функциясын таңдау арқылы жүктеуге болады;
•  Jusan Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу арқылы.
 

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем карточкасынан аударым операциялары (банк желісінде):

• Банкте ашылған Басқа төлем картасына/шотқа – комиссиясыз,

• Келесі төлем карталарына:
- ҚР банк-резидентінің картасына - 0,2%, мин. 200 теңге;
- шетелдік банк картасына - 0,5% + 1000 теңге.

Банк желісінен тыс Mastercard World Elite карталарынан аударым операциялары үшін комиссия:

• Қазақстан Республикасындағы басқа Банктің төлем картасына - 0,2 %, кем дегенде 200 теңге (1 операцияға лимит-1 000 000 теңге).

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite картасынан қолма-қол ақша алу:
•  Jusan Банк банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз;
•  ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында айына  300 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - комиссиясыз, 300 000 теңгеден жоғары - сомадан 1%;
•  ҚР аумағынан тыс банктердің банкоматтарында-1% + 1000 теңге.

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз Mastercard World Elite картасын жоғалтсаңыз, картаны оқшаулау керек:
• Jusan мобильді қосымшасында;
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы.

Әрі қарай ақша алу және картаны қайта ресімдеу үшін Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне баруыңызды сұраймыз. 

0% пайдалы деп тапты


Егер банкомат карточканы бермесе, онда бірінші кезекте оны Jusan мобильді қосымшасында немесе Jusan Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы оқшаулау қажет (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін). Одан кейін картаны алу немесе жаңа картаны қайта шығару туралы өтініш жазу үшін Jusan Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну қажет.

0% пайдалы деп тапты


Банкоматта картаны пайдаланумен байланысты даулы (диспуттық) жағдайда Сізге Jusan Банктің бөлімшесіне жүгіну қажет, онда банкомат тиесілі Банктің мекенжайы мен атауын көрсету қажет. Сіздің өтінішіңіз өтініш берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем картасын ҚР аумағынан тыс  жерде пайдаланған жағдайда мұндай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен аспайтын мерзімде қаралатын болады. Клиенттің өтінішін қарау және оған жауап дайындау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында және төлем жүйелерінің(Visa/Mastercard) қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Mastercard World Elite төлем картасын тұрақты негізде (жоғалған, ұрланған жағдайда) және уақытша кез келген уақытта оқшаулауға болады:

• Jusan мобильді қосымшасында;                                                
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірі бойынша хабарласқан кезде.

Уақытша оқшауланған картаны Jusan мобильді қосымшасында немесе Банк бөлімшесінде өз бетінше оқшаулаудан шығара аласыз. Тұрақты негізде оқшауланған картаны (жоғалту, ұрлау немесе алаяқтық себебінен) оқшаулаудан шығаруға болмайды, картаны Банк бөлімшесінде қайта шығару қажет.

0% пайдалы деп тапты


Сіз Mastercard World Elite картасын Jusan мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу») немесе Банк бөлімшесінде.
Картаны Jusan мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).

0% пайдалы деп тапты


Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФ Банк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 

* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

0% пайдалы деп тапты