Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Алаяқтар өздерін Банк, салық немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстыра алады. Деректерді нақтылаған соң, алаяқ атап өткен ұйымға ресми нөмірі бойынша қоңырау шалу үшін әңгімелесуді үзуіңізді сұраймыз.

Алаяқтардың сценарийлері бойынша әңгіме қаржыға қатысты болады: үшінші тұлғалардың айлы-шарғы жасау салдарынан қаражат жоғалту қаупінен бастап "ыстық" жолдаманы жеңіп алу жаңалықтарына дейін.

Алаяқтар дәл қазір әрекет етуді талап етеді, мобильді қосымшадағы құпия сөзді өзгерті, үшінші тқлғаларға қаражат аудару, құрылғыға бөгде қосымшаны орнатуға кқндіруі мүмкін. Бұл ретте алаяқтар қысым жасайды, талап етеді және асықтырады. 

0% пайдалы деп тапты


Қауіпсіздік мақсатында AnyDesk және RustDesk секілді қашықтан қол жеткізу қосымшаларын үшінші тараптардың сұранысы бойынша жүктемеңіз, жеке деректеріңізді, картаның CVC-кодын, картаның ДСН-кодын, логиндер мен құпия сөздерді немесе Банктен келген SMS-кодтарды бермеуіңізді сұраймыз. Алаяқтық әрекеттерден қалай қорғану керектігі туралы толығырақ сілтемені басу арқылы біле аласыз. 

0% пайдалы деп тапты


Алаяқтар мессенджерлер арқылы Банктің атынан жалған жұмыс ұсынып, әлеуметтік желілердегі пікірлер немесе "лайктар" үшін ақы төлеуге уәде береді. Сенімге кіру және хабарландырудың шынайылығына сендіру мақсатында алаяқтар Jusan Bank логотипін өз аккаунттарының профилінде пайдаланады.

Сіздерден осы секілді күдікті ұсыныстарға сенбеулеріңізді және ешқандай тапсырмаларды орындамауларыңызды сұраймыз, Банк мұндай жұмыс түрлерін ұсынбайтынын еске саламыз. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға хабарламаңыз және оларға қаражаттарыңызды жібермеңіз.

Барлық өзекті жұмыс орындары Jusan-ның негізгі аккаунтынан HeadHunter платформасында, сондай-ақ Банктің басқа да ресми парақшаларында жарияланады. Егер Сізбен Банк кеңсесінде сұхбат тағайындау туралы байланыс жүргізілген болса, алаңдауға еш негіз жоқ екенін хабарлаймыз.
Егер Сіз жоғарыдағыдай күдікті ұсыныстарға тап болсаңыз немесе басқа да ақпаратты нақтылағыңыз келсе, Банктің Call-орталығына 7711 (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 (егер Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерде болсаңыз) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

0% пайдалы деп тапты


«Алаяқтар өздерін Банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттер деректерінің қауіпсіздігі бұзылған немесе олардың жайылып кетуіне жол бермеу қажеттілігін негіздей отырып пайдаланушыларды «қолдау» қосымшасын жүктеуге сендіреді. Әрі қарай, клиентке Play Market немесе App Store платформасына өтіп, іздеу жолағында "қолдау" сөзін теріп, ұсынылған қосымшалардың бірін жүктеуді сұрайды. Клиентке жүктеуге ұсынылатын қосымшалардың жиі таралған түрлері - AnyDesk және Rustdesk.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз:
•   "Пайдаланушыларды қолдау" бойынша осы және осы секілді қосымшаларды жүктеп алсаңыз/орнатсаңыз,
•   алаяқтарға қашықтан пайдалану кодын айтсаңыз (әдетте смартфон экранындағы бірнеше сандар), 
онда алаяқтарға смартфоныңызды басқаруға рұқсат бересіз!
Мұндай қолжетімділікке ие болған соң алаяқтар банктік қосымшадан ақша аударымын жүзеге асыра алады, сонымен қатар Сіздің құрылғыңыздағы кез келген құпия ақпаратқа қол жеткізе алады.
Егер Сізге әртүрлі сылтаулармен AnyDesk/ RustDesk жүктеп алу туралы телефон қоңырауы келіп түссе, Банк телефон қоңырауын дереу тоқтатып, қосымша ақпарат алу үшін 7711 (Ұялы телефоннан тегін қоңырау шалу) нөмірі бойынша Банктің Call-орталығына/центріне қоңырау шалуды ұсынады.

Өтінеміз, есте сақтаңыз:
1.       Банк қызметкерлері ешқашан 
•   Сіздің телефоныңызға әртүрлі қосымшаларды орнатуды;
•  қандай да бір сылтаумен несие алуға өтініш беруді;
•   қолма-қол ақша шешуді немесе кез келген жерге ақша жіберуді;
•   бейресми мессенджерлер (мысалы, WhatsApp/Telegram) арқылы хат алмасу немесе келіссөздер жүргізуді сұрамайды.
2.       Бұл қосымшаның құпиясөзі мен кіру кодын, SMS арқылы келетін парольдерді, сондай-ақ банк картасының деректерін: нөмір, PIN коды, CVV кодын ешкімге жібермеңіз».

0% пайдалы деп тапты


Несиелерді рәсімдеуге байланысты алаяқтық әрекеттердің жаңа схемаларының бірі –  "банктің қауіпсіздік қызметі/банк Call-орталығының қызметкері" немесе "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" атынан шалынатын қоңыраулар. "Қызметкер" үшінші тұлғалар Сіздің атыңыздан берілген жалған сенімхат арқылы несие алуға тырысып жатқандығы туралы хабарлайды. "Қызметкер" алаяқтардың өтінішін жою үшін жедел түрде сол несиеге қарсы өтінімді рәсімдеуді ұсынады.  Әрі қарай, қауіпсіздікді сақтау сылтауымен олар Сізден карта деректерін ұсынуды немесе белгілі бір адамдардың шоттарына ақша аударуды сұрауы мүмкін. Мұндай қоңырауларға сенбеу және жеке деректеріңізді ешкімге хабарламау маңызды. Құқық қорғау органдары несие рәсімдеуші азаматтарды бақылаумен айналыспайтынын есте ұстаған жөн, егер тиісті қажеттілік туындаса, мекемелер клиенттерге ресми хатпен хабар береді. Сондай-ақ, банктердің/ құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметкерлері азаматтарға өте сирек қоңырау шалатынын еске саламыз. Сөйлесу кезінде қоңырау шалушылардың өтініштері мен талаптарына, әсіресе SMS, парольдер, банктік карта деректері немесе банктік өнімдерге қатысты басқа да ақпараттарды ұсыну сұраныстарына назар аудару керек,. Ешқандай жағдайда қоңырау шалушыларға жеке деректеріңізді хабарламаңыз, сілтемелерге өтпеңіз, қосымшаларды жүктемеңіз және егер ондай әрекеттер талап етілсе, бұл алаяқтардың қоңырауы болуы әбден мүмкін. Есіңізде сақтаңыз! Банк қызметкерлері ешқашан банк картасының деректерін (нөмір, PIN коды, CVV коды), SMS-кодтар мен парольдерді сұрамайды, ресми Google Play және App Store дүкендеріндегі Jusan мобильді қосымшасынан басқа үшінші тараптың мобильді және веб-қосымшаларын жүктеуді ұсынбайды. Күмәнді қоңырау түскен жағдайда оны бірден тоқтатып, 7711 (Ұялы телефоннан тегін қоңырау) нөмірі бойынша алаяқтардан қоңырау келіп түскені туралы Банктің Call-орталығына хабарлаңыз. 

0% пайдалы деп тапты


Егер Cіз алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз, міндетті түрде Банк Call-центр-не келесі нөмірлер арқылы хабарласыңыз:  7711 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) немесе +7 (717) 258-77-11 (Қазақстан Республикасынан тыс жерде).

0% пайдалы деп тапты