Төлем картасын алғаннан кейін Сізге PIN-кодты орнату қажет. PIN-кодты екі жолмен орнатуға болады:
• Jusan мобильді қосымшасы арқылы PIN-кодты орнату;
• Банк банкоматында PIN-кодты өздігінен орнату.
Банк банкоматында PIN-кодты орнату процесі:
1. Банкте тіркелген ұялы телефон нөмірінен 7711 нөміріне "epin ХХХХ" мәтінімен SMS-хабарлама жіберу қажет (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны);
2. жауап ретінде Банктен уақытша коды бар SMS-хабарлама келеді;
3. әрі қарай, картаны Jusan Банктің кез-келген банкоматына салып, алынған уақытша кодты PIN-кодты теру жолына енгізу керек;
4. Банкомат мәзірінде "PIN орнату/ауыстыру" бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына өзіңіз ойлап тапқан PIN-кодты 2 рет енгізіңіз (банкомат PIN-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс);
5. тұрақты PIN-кодты орнатқаннан кейін төлем картаңыз іске қосылып, пайдалануға дайын болады.
Маңызды! Уақытша код Jusan Банктің банкоматы арқылы төлем картасына PIN-кодты орнату үшін ғана арналған және 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды, уақытша кодпен кез келген басқа операциялар мүмкін емес. Егер PIN-код Jusan мобильді қосымшасында орнатылған болса, онда уақытша кодты сұраудың қажеті жоқ.
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасынан уақытша кодты тұрақты PIN-кодқа ауыстыру Jusan Банктің банкоматтарында ғана мүмкін болады.
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасынан уақытша код тұрақты PIN-кодқа ауыстыру үшін ғана арналған, себебі төлем және уақытша коды бар төлем картасы бойынша операциялар мүмкін емес.
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасының қолданыстағы PIN-кодын екі тәсілмен өзгертуге болады:
1. Jusan Банк банкоматтарында. Ол үшін Cізге:
• картаны Jusan Банктің кез келген банкоматына енгізіп, қолданыстағы PIN-кодты енгізу;
• банкомат мәзірінде “PIN орнату/ауыстыру” бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына жаңа PIN-кодты 2 рет енгізу керек (банкомат PIN-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс).
2. Jusan мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте. Ол үшін Cізге:
• Jusan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру) және "Банк" бөліміне өту;
• қажетті картаны таңдап, “Карта мәліметтері” бөліміне өту;
• “Баптаулар” бөліміне өту;
• “Карта PIN-кодын өзгерту” жолағын таңдау;
• пайда болған терезеде жаңа PIN-кодты 2 рет енгізу керек.
0% пайдалы деп тапты
Егер төлем картасынан уақытша кодтың қолданылу мерзімі өтіп кетсе, 7711 нөміріне "epin ХХХХ" (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны) деген мәтіні бар SMS - хабарламаны қайта жіберу қажет.
0% пайдалы деп тапты
Уақытша коды бар SMS алмаған жағдайда 7711 нөміріне epin ХХХХ (мұнда ХХХХ - төлем картасының соңғы 4 саны) SMS - хабарлама мәтінді енгізудің дұрыстығын тексеру қажет. Егер мәтін дұрыс енгізілсе, Банктің Call-орталығына 7711 нөмірі бойынша хабарласу қажет (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).
0% пайдалы деп тапты
Төлем және уақытша коды бар төлем картасы бойынша операциялар мүмкін емес. Төлем картасының уақытша коды тұрақты PIN-кодқа ауысуға ғана арналған.
0% пайдалы деп тапты
Егер Сіз төлем картасынан PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, жаңа PIN-кодты екі тәсілмен орната аласыз:
• Jusan мобильді қосымшасында жеке кабинетке қолжетімділік болған жағдайда. Ол үшін Сізге:
1. Jusan мобильді қосымшасында авторизациялануы (жеке кабинетке кіру) және “Банк” бөліміне өту;
2. “Карта бойынша мәліметтер” бөліміне өту үшін қажетті картаны таңдап, оны басу;
3. “Баптаулар” бөліміне өту қажет;
4. “Карта PIN-кодын өзгерту” жолын таңдау;
5. пайда болған терезеде жаңа PIN-кодты 2 рет енгізу керек.
• Банк банкоматында PIN-кодты өз бетінше ауыстыру. Ол үшін Сізге:
1. Банктің Call-center-іне хабарласу және ескі PIN-кодты жою;
2. Банкте тіркелген ұялы телефон нөмірінен 7711 нөміріне “epin ХХХХ” мәтінімен SMS-хабарлама жіберу (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны);
3. жауап ретінде Банктен уақытша коды бар SMS-хабарлама келіп түседі;
4. әрі қарай, картаны Jusan Банктің кез-келген банкоматына салып, алынған уақытша кодты PIN-кодты енгізу жолына теру керек;
5. Банкомат мәзірінде “PIN орнату/ауыстыру” бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына өзіңіз ойлап тапқан PIN-кодты 2 рет енгізу керек (банкомат PIN-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс);
6. тұрақты PIN-кодты орнатқаннан кейін төлем картаңыз іске қосылып, пайдалануға дайын болады.
Маңызды! Уақытша код Банктің банкоматы арқылы төлем картасына PIN-кодты орнатуға ғана арналған және 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды, уақытша кодпен кез келген басқа операциялар мүмкін емес.
0% пайдалы деп тапты
Егер төлем картасынан PIN-код бірнеше рет дұрыс енгізілмеген болса және Сіздің картаңыз оқшауланған болса, Сізге PIN-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру қажет, төлем картасына қызмет көрсету тарифтеріне сәйкес комиссия алынуы мүмкін. PIN-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру үшін Сізге:
• Өзініз Jusan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру), “Банк” бөліміне өту, қажетті картаны таңдап, “Карта бойынша деректер” бөліміне өту үшін оны басу, одан әрі “Баптаулар” бөліміне кіріп, "PIN енгізу есептегішін нөлге келтіру" басу;
• Төлем картасынан PIN-кодтың дұрыс енгізілмеген әрекеттерін нөлдеу үшін Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) жүгіну керек.
0% пайдалы деп тапты
Егер Сіз шетелде болсаңыз және төлем картасынан PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, Jusan мобильді қосымшасына кіру мүмкіндігіңіз болған жағдайда, Сіз жаңа PIN-кодты ала аласыз. Ол үшін Сізге:
• Jusan мобильді қосымшасында авторизациялану(жеке кабинетке кіру) және “Банк” бөліміне өту;
• “Карта бойынша мәліметтер” бөліміне өту үшін қажетті картаны таңдап, оны басу;
• “Баптаулар” бөліміне өту қажет;
• “Карта PIN-кодын өзгерту” жолын таңдау;
• Пайда болған терезеде жаңа PIN-кодты 2 рет енгізу керек.
0% пайдалы деп тапты