Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Шот бойынша келесі шектеулер қойылуы мүмкін:
• Jusan Банк және өзге де ҚР ЕДБ - терінде мерзімі өткен берешек болған жағдайда, мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін шотқа(тарға) төлем талабы қойылады.
• Сот орындаушылары (ЖСО/МСО)  қаулысы негізінде сот орындаушылары шоттағы қаражаттарды қолдануға тыйым салу арқылы.
• Мемлекеттік кірістер органдарында  мерзімі өткен салық берешегі болған жағдайда шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қойылады.
• салық органдары мен ЖСО/МСО-ның өкімдерін орындау мақсатында шоттан(тардан) клиенттің келісімінсіз ақша алуға инкассалық өкім қойылады.

0% пайдалы деп тапты


Сіз қажетті ақпараттарды төмендегі жолдармен біле аласыз:
• Jusan мобильді қосымшасында Push хабарламасы арқылы;
• Банктің Call-center-іне 7711 тел. (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР аумағынан тыс жерде),
• Банк бөлімшесіне жүгіну арқылы.

0% пайдалы деп тапты


Жеке сот орындаушысынан шоттағы ақшаға тыйым қойылған кезде, Jusan Банк сот орындаушысынан тыйымның күшін жою туралы қаулы алғанға дейін немесе Банк шоттағы ақшаға бұрын қойылған тыйымды жүзеге асыру үшін  ұсынылған инкассалық өкімді орындағанға дейін тыйымның күші сақталып тұрады.
Шот бойынша операциялар Банк тыйымды тоқтату туралы қаулы алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қолжетімді болады. 
Jusan Банктен шоттағы ақшалай қаражатқа төлем талабы қойылған кезде, Jusan Банк төлем талабын берешек сомасының толық төлемін алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтарып алады.
ҚР ЕДБ-нан Jusan Банкіндегі шоттағы ақшалай қаражатқа төлем талабы қойылған кезде, Jusan Банк шоттан шектеулерді төлем талабы кері қайтарылған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей алып тастайды. 
Мемлекеттік кіріс органы (салық органы) шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған кезде, шот бойынша шектеу кері қайтарып алынғанға дейін қолданылады, шот бойынша операциялар үш жұмыс күні ішінде қолжетімді болады.

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіздің қарызыңыз бойынша мерзімі өткен берешек болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Jusan Банк Сіздің Jusan Банктегі шоттарыңызға, сондай-ақ Сіздің ҚР ЕДБ–теріндегі шоттарыңызға қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу есебіне ақшаны қайтару үшін төлем талабын қояды.
Ақша төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпей, шоттағы соманың 50% көлемінде және (немесе) кейіннен шотқа түсетін әр сомадан алынып отырады.
Алайда шотта сақталатын ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен кем болмауы тиіс (2024 жылға 86 814 теңге).
Қаражаттың қалдығын Өз қалауыңыз бойынша пайдалануға құқығыңыз бар.

 

0% пайдалы деп тапты


Егер клиенттің Jusan Банктегі қарызы бойынша мерзімі өткен берешегі болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу есебіне ақшаны қайтару үшін  Jusan Банк клиенттің өзге  ҚР ЕДБ –дегі  шоттарына  төлем талабын қояды.
Бұл ретте Jusan Банктің төлем талабын жүзеге асыратын банк ақшаны аудару туралы талапты орындайды, яғни, комиссия алынатын операция жүргізеді. 

0% пайдалы деп тапты


Сот орындаушысы (СО) - атқарушылық құжаттарды орындау бойынша заңмен жүктелген функцияларды орындайтын мемлекеттік сот орындаушылары(МСО) және жеке сот орындаушылары(ЖСО). Сондай-ақ:

(ЖСО) - жоғары заңды білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық паласына мүше болған Қазақстан Республикасының азаматы.

(МСО) - мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды тұлға.

0% пайдалы деп тапты


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес СО атқарушылық құжатты орындау мақсатында (ақшасын қоса алғанда) прокурордың санкциясымен борышкердің мүлкіне тыйым салуға міндетті.
Бұл ретте СО өндірілетін сома мөлшеріндегі борышкерге тиесілі барлық мүлікке (оның ішінде ақшаға) бірден тыйым салуға құқылы.
Борышкердің ақшасына тыйым салу ҚР ЕДБ-дегі борышкердің ақшасын пайдалануға және оған билік етуге тыйым салудан тұрады, ол туралы борышкердің мүлкіне (ақшасына) тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
Шоттағы ақшаға тыйым салу атқарушылық санкцияны, ЖСО қызметін орындау және төлеу жөніндегі шығыстарды ескере отырып, атқарушылық құжат бойынша борыш сомасы мөлшеріне қойылады.

0% пайдалы деп тапты


Инкассалық өкім (ИӨ) - бұл клиенттің (ақша жіберушінің) банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алуға арналған төлем құжаты.
ИӨ-ді мемлекеттік кірістер органдары мен сот орындаушылары қоя алады.

0% пайдалы деп тапты


Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы (салық органы) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.

Оған төмендегі жағдайларда ҚР ЕДБ-терге жіберілген ШОТТӨ негіз болады:
• салық берешегінің өтелмеуі;.
• салықтық тексеруді жүргізудің Салық кодексінде белгіленген тәртібін бұзылған жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тексеруге кедергі келтірген жағдайларда;
• міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болғанда;
• міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болғанда;
• ҚР Салық кодексінде көрсетілген өзге де негіздер бойынша.

0% пайдалы деп тапты


Иә, балалар картасының шоты ата-ананың/қамқоршының атына ашылуына байланысты болады.

Шот бойынша тыйым немесе картадағы қаражатты басқаруға шектеулер қойылған болса, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Банктегі барлық шоттар мен карталар бұғатталады. 

0% пайдалы деп тапты


Әлеуметтік карта шотындағы ақшаларға:
• мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, тұрғын үй қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге арналған әлеуметтік картаның шотындағы ақшаға тыйым салу мен шектеулер қойылмайды.
• алиментке арналған карта шотына тыйым салынуы мүмкін (екінші деңгейдегі банктердің төлем талаптарын қоспағанда, банктік қарыз шартының талаптары бұзылған кезде). 
• зейнетақыға арналған карта шотына тыйым мен шектеулердің кез-келген түрі қойылуы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдар немесе банктер, үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда, зейнетақы төлемдеріне тыйым және өзге де шектеулер (төлем талаптары, инкассалық өкімдер және т.б.) қойылуы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Қолданыстағы шоттар бойынша операцияларға тыйым немесе басқа шектеулер қойылған болса, Сіз әлеуметтік төлем карталарын аша аласыз: 
• алиментке арналған (кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толған еңбекке жарамсыз балаларды асырауға арналған ақша); 
• мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге арналған.
Басқа жағдайларда шектеулер болса, жаңа шоттар ашу мүмкін емес.

0% пайдалы деп тапты


Иә, картадағы ақша тыйым немесе өзге де қойылған шектеулердің мөлшерінен артық болса, Сіз картаны пайдалана аласыз.
Егер шектеулер қойылғанда сома мөлшері көрсетілмесе, өкінішке орай, кез-келген шығындарға тыйым салынады.
Маңызды: Егер шотта тыйым немесе басқа шектеулер болса, Jusan мобильді қосымшасында бонустармен төлем жасау қол жетімсіз.

0% пайдалы деп тапты


Жоқ. Шотты онда ешқандай тыйымдар мен шектеулер болмаған жағдайда ғана жаба аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Иә. Сіз тыйым немесе басқа да шектеулер қойылған депозитті толтыра аласыз.
Депозитті бірнеше жолмен толтыруға болады:
- Jusan Банкінің бөлімшеларінде;
- Касса 24, Yurta терминалдарында- комиссиясыз;
- Jusan мобильді қосымшасында "шоттар арасында" аударым жасау арқылы.

0% пайдалы деп тапты


Иә. Банктік салым шартында көрсетілген талаптарға сәйкес Jusan Банк депозитке сыйақы есептеуді жалғастырады.

0% пайдалы деп тапты